Ұн бағасы бір жылда 11%-ға қымбаттады

2377

Ал өндіріс керісінше 4%-ға төмендеді.

Ұн бағасы бір жылда 11%-ға қымбаттады

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,8 млн тонна ұн мен ұсақ қоспалар өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Аймақтар бойынша ұнның көп бөлігі дәстүрлі түрде Қостанай облысында өндірілді: 587,3 мың тонна (жылына 7,8% артты). Алдыңғы қатарлы үш аймаққа Шымкент (189,1 мың тонна, - 17,4%) мен Солтүстік Қазақстан облысы (176,1 мың тонна, + 3%) кіреді.

2020 жылы сектордағы өндіріс көлемі 3,4 млн тоннаға жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,6%-ға артық.

Өнімнің көп бөлігі бидай ұны: 92,8%, немесе 1,7 млн ​​тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға аз.

Сондай -ақ, нан өнімдерін дайындау үшін 120,5 мың тонна қоспалар (-7,3%), 7 мың тонна ұсақ және ірі ұн (-18%) және дәнді дақылдардан 3,7 мың тонна ұсақ ұн (бидайд қоспағанда -18,1%) әзірленді. 

Қазақстан нарығында биылғы жылдың тамызында бірінші сұрыпты бидайдың бір келісі бөлшек саудада 183 теңгені, жоғары сұрыпты – 253 теңгені құрады.
 
Елдің ірі қалалары арасында бірінші сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы Ақтау (келісі 256 теңге), Нұр-Сұлтан (келісі 237 теңге) және Алматыда (келісі 236 теңге) тіркелді. Ал ең төменгі баға Ақтөбеде ( келісі 128 теңге). 

Жылдық динамикада ұн бағасы 11,1%-ға өсті. Мұны Жамбыл (23,4%) және Солтүстік Қазақстан (21,3%) облыстарының тұрғындары, сондай -ақ алматылықтар (17,3%) қатты сезінді. Биыл бағаның өсуі еліміздің барлық аймақтарында тіркелді.  Жыл бойы ең аз баға өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелді  (+0,9%).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу