Үшінші елдерден әкелінген көліктерді кедендік алымдар төленген соң ғана тізгіндеуге болады

613

ЕАЭО аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауар болып есептеледі.

Үшінші елдерден әкелінген көліктерді кедендік алымдар төленген соң ғана тізгіндеуге болады

Соңғы кездерде Қазақстан аумағына шет ел азаматтарының жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиілеген. Бұлар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары. Мұндай көлік құралдары сосын біздің елдің азаматтарының "иелігіне" беріледі.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Ескеретін жәйт, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауар болып есептеледі және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер – ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер).

"Осыған орай, МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік рәсімдерден соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді", – деп хабарлады кірістер комитеті.

Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан белгілі бір уақыттан кейін кетіп қалатыны байқалуда. Яғни ЕАЭО аумағына аталған автокөлік құралдары әкелінгенде, Қазақстан азаматына беру мақсатында келген деп пайымдалуда.

"Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл) автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады. Комитет Полиция департаменттерімен бірлесе отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ондай көліктер ұсталады", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде. 

Қазіргі таңда 116 автокөлік құралы ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарынан жеке пайдалануға арналған автокөлікті сатып алғанда еліміздің заңнамасын сақтауды сұрайды.

Алайда Сіз сатып алғалы жатқан автокөлігіңіздің шығу тегі немесе заңдылығы күдік туғызатын болса, онда Қазақстанда кедендік "тазартудан" өткені және тиесілі кедендік алымдар мен салықтар төлегені туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады. Ол үшін Комитетке (87172 71 77 24) немесе тұрғылықты жердегі Мемлекеттік кірістер департаментіне, сонымен қатар ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу