"Вэйпке" әуес жасөспірім кәдімгі темекі тартып кетуі мүмкін

1664

Әлемді жасөспірімдердің электронды темекіге әуестігі алаңдататып отыр.

"Вэйпке" әуес жасөспірім кәдімгі темекі тартып кетуі мүмкін

Денсаулық сақтау ұйымы электронды темекілерді қатаң сынға алды. Ұйым өкілдері: "мұндай шылымнан денсаулыққа келер залал шаш етектен және темекіге құмар адамдардың зиянды әдетті тастауына көмектеспейді",– дейді.

Олардың айтуынша, өндірістегілердің "мұндай темекінің зияны аз" дегенді алға тартып, өнім саудасын кеңейтуі нағыз қауіп төндіріп отыр. Өйткені қазір "вэйп" деп аталатын электронды шылымды тартатын жасөспірімдердің қатары күн санап көбейіп келеді.

АҚШ-тың есірткі бойынша Ұлттық институтының дерегіне сүйенсек, кәмелеттік жасқа толмағандардың шамамен 70 пайызы "вэйп" туралы ақпаратты көшедегі жарнама,интернет және теледидарда кездестірген. Жеткіншектердің кәдімгі шылымнан гөрі электронды шылымды шегуге құмар екені анықталған. Бір қынжылтатыны -  вэйп пайдаланатын жеткіншектердің 30 пайызы 6 айдан кейін қарапайым темекі, сигара және қорқор шегуге бет бұрған.

Құрама Штаттардың тағам және дәрі-дәрмек сапасын бақылайтын басқармасының (FDA) өкілдері: "вэйп" зиянды әдеттен арылуға көмектесудің орнына тәуелділікке душар етеді",– дейді.

Ал Wall Street Journal басылымының дерегі бойынша, электронды шылымға әуес жасөспірімдердің тәуелділігі мариуханаға тәуелді болғанмен пара-пар. Ұзақ уақыт "вэйп" пайдаланған балалар ағзасында никотин мөлшері шамадан тыс көбейіп, мінезінде ашушаңдық пайда болады. Сонымен қатар электронды темекі тамақты қышытпайды, сондықтан жеткіншектер оны шамадан тыс қолданып қою әбден мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу