Вице-министр бұрынғы Семей ядролық полигонына қатысты түйткілді мәселелерді айтты

1099

Халық ластанған сынақ алаңын еш кедергісіз кезіп жүр  

Вице-министр бұрынғы Семей ядролық полигонына қатысты түйткілді мәселелерді айтты

Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымовтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағының 93%-ы зерттелді. Оның ішінде 2 млн-нан астам өлшеулер жүргізіліп, аймақтың радиоэкологиялық жағдайын анықтау үшін 5 мың рет топырақ үлгілері талданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Полигон жабылғаннан бері бірқатар мәселелер анықталды. Біріншіден, Семей полигонының жерлері жергілікті атқарушы органдар қорындағы жерлерге жатады, бұл үшінші тұлғалардың әрекеттері мен осы аумақтарда болып жатқан жағдайларға бақылауды қиындатады. Сонымен қатар, полигон үш облыстың әкімшілік шекарасында орналасқан, бұл аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді", – деді вице-министр.

Спикердің айтуынша радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты бақылаудың болмауының өзі дұрыс емес. Салдарынан бұл радиоактивті қалдықтардың елдімекендерге тарауы туралы тиісті мәліметтер жоқ.

Қайрат Рахымов халықтың ластанған полигондарда кедергісіз жүретініне алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше бұл денсаулыққа зиян келтіреді, радиоактивті қалдықтарды теріс мақсатта тарату ықтималдығын тудырады, бұған қоса сынақ алаңының табиғи жолмен қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. 

"Үшіншіден, полигонның радиоэкологиялық жай-күйі туралы нақты көрініс жоқ. Нәтижесінде сынақ алаңының ластанған және таза жерлер арасындағы айырмашылықтың болмауына байланысты оларды экономикалық айналымға беруді қиындайды. Сондықтан бүгінгі күні полигонның пайдалануға жарамды жерлерінің едәуір бөлігі бос тұр", - деп түйіндеді Энергетика вице-министрі.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу