ВКонтакте желісінде Сирияда жиһад жасауға үгіттеген азамат 5 жылға сотталды

805

ВКонтакте желісінде Сирияда жиһад жасауға үгіттеген азамат 5 жылға сотталды

Әлеуметтік желі арқылы азаматтарды Сирияға баруға үгіттеген оңтүстікқазақстандық тұрғын бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайрам аудандық соты 27 жастағы тұрғынды 5 жылға соттады. Сот барысында айыптау үкімін оқыған судья Салтанат Қабылова Әбілқасым Қажырхановтың ұялы телефон арқылы әлеуметтік желілерге шығып, терроризмді насихаттағаны үшін сотталатынын айтты. Ол ҚР қылмыстық кодексінің 256 бабы 2 бөлігімен "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2017 жылғы 20 сәуірге белгіленді.

Еске салайық, тергеу барысында айыпталушы ВКонтакте әлеуметтік желісіне тіркеліп, ұзақ уақыт экстремистік насихат жұмыстарын жүргізген. Ол қасиетті мұсылмандар соғысына қатысуға, экстремистік топтарға қолдау көрсетуге шақыратын материалдар салып отырыпты. Таяу Шығыс пен Сирияда жиһад жасауға үгіттеген. Оның әкесі де осындай заңға қайшы әрекеті үшін жазасын өтеуде екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу