Волонтерлерге ТЖ кезіндегі алғашқы дағдылар үйретіледі

942

Төтенше жағдайлар министрлігі мен "Ұлттық волонтерлік желісі" заңды тұлғалар бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Волонтерлерге ТЖ кезіндегі алғашқы дағдылар үйретіледі

Ұлттық волонтерлік желісінің директоры Татьяна Миронюк табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кезде халыққа көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өз  кезегінде ТЖ министрі Юрий Ильин қажет болған жағдайда халықаралық тәжірибені ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге дайын екендігін атап өтті.

ТЖ министрлігі Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларына "Волонтерлік ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілері" қосымша санатын енгізді. Оқыту 2 жылда 1 рет өткізілетін болады.

Білім беру ұйымдарында волонтерлердің қатысуымен ашық сабақтар мен экскурсиялар өткізіледі. Волонтерлер мектептер мен балабақшаларда өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысады.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдармен тығыз қарым-қатыныста жұмыс жүргізу тәжірибеде бұрыннан бар. Осыған дейін де бірлескен жұмыстардың шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, іздестіру іс-шаралары мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша ауқымды шаралар атқарылған.

Үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар жұмысының тиімділігі Алматы қаласындағы сел ағыны (2015 жыл), Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тасқын суларды (2016-2020 жылдар) жою кезінде байқалыпты. Зардап шеккен елдімекендерде волонтерлер өзендер мен арықтарды тазарту, жылы киім жинау, азық-түлік жеткізу мен тарату, құрылыс материалдарын сатып алу және инженерлік құрылыстар салу бойынша көмек көрсеткен.

2020 жылы зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту және төтенше жағдайлардың салдарын жою, азаматтарды іздеу, қауіпсіздік шаралары және ТЖ туындаған кезде шұғыл қызметтерді хабарлау мәселелері бойынша 326 оқыту семинар мен дөңгелек үстел өткізіліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу