Жала жабылған әйел мемлекеттен 11 млн теңге өндіріп алды

1371

Мемлекет сотта ақталған алматылық әйелге 11 млн теңге шығын төледі. Бұл туралы оның ее адвокаты Джохар Өтебеков Facebook-те жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жала жабылған әйел мемлекеттен 11 млн теңге өндіріп алды

"Аймаралға жала жабылып, 8 ай әйелдер түрмесінде отырды. Оны омыраудағы баласынан айырды. Биыл мамырда Жоғарғы сот Аймаралды менің кассациям бойынша ақтады. Біз Назерке Ризабекова, Әлімжан Оралбаймен бірге оның сәбиі және күйеуімен қайта қауышуына қол жеткіздік. Кейін Назерке екеуміз жәбірленушіні оңалту үшін жарты жыл бойы жұмыс істедік. Алматы қалалық сотының судьясы Кененбаев Аймаралға оның барлық шығынын:  адвокат, жалақысынан айырылуы және емделуінің ақысын өтеп беру бойынша үкім шығарды", - деп жазды қорғаушы әлеуметтік желіде.

Джохар Өтебековтің пікірінше, бұл – тарихи оқиға.

"Енді біз Аймаралдың моральдық шығынын өтеу үшін сотқа барамыз. Тағы 10-15 млн теңге сұраймыз", - деді адвокат.

Айта кетейік, 29 жастағы Аймарал Қытай мұнай компаниясында есепші болып жұмыс істеген. Оны және оның бұрынғы директорына 116 млн теңгені ұрлады деген айып тағылған. Оларға ақшаны ЖШС құрылтайшысы беріпті-мыс.

Директор салық берешегін өтеу үшін барлық ақшаны ЖШС шотына салғанын мәлімдеген. Бұл банк жазбалары арқылы расталған.

Сондай-ақ тағы 17 млн теңге өсімақыны төлеуге жұмсалды. Бұл ақша қайда кеткенін сот бір жылдан аса уақыт зерттеген.

Алдымен Алматы қаласы Алмалы аудандық соты ақтау үкімін шығарған. Кейін бұл үкімнің күші жойылып, 2020 жылғы қыркүйекте Аймарал жұмыс орнында ұсталып, кешке тергеу изоляторына қамалған. Кейін ол 6 жылға сотталды.

Джохар Өтебеков бұл істі өз қарауына алған.

Биыл 18 мамырда Жоғарғы Сот адвокаттардың кассациясы мен бас прокурордың наразылығын қанағаттандырған. Нәтижесінде Алматы қалалық соты айыптау үкімінің күші жойылып, Алмалы аудандық сотының ақтау үкімі қалпына келтірілген. Аймарал кінәсіз деп танылып, толық ақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу