Жамбыл облысында 250 орындық емхана пайдалануға берілді

1044

Жамбыл облысында 250 орындық емхана пайдалануға берілді

Жамбыл облысының Талас ауданында 250 орынға арналған аудандық емхананың жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігіне сілтеме жасаған strategy2050.kz.

Іс-шараға облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев қатысты. Өңір басшысы аудан тұрғындарын салтанатты іс-шарамен және келе жатқан мейрамдармен құттықтады.

"Емхана Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында ашылып отыр. Осындай, заманауи жабдығы бар, медицина мен қауіпсіздіктің барлық стандарттарына жауап беретін нысандар біздің өңірімізде аз емес. Біз адамдар үшін барлық жағдайлар жасап жатырмыз", - деп атап өтті Кәрім Көкрекбаев.

Нысан құрылысы 2014 жылы басталған еді. Қажетті медициналық жабдық сатып алынды. Жаңа заманауи емхананың пайдалануға енгізілуімен аудан тұрғындары сапалы медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін болады.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, тәуелсіздік жылдары ішінде 100-ден астам медициналық мекеме, оның 12-сі Талас ауданында ашылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу