Жамбыл облысында акция басталғаннан бері 9093 нысан жария етілген

856

Жамбыл облысында акция басталғаннан бері 9093 нысан жария етілген

Жамбыл облысында мүлікті заңдастыру үшін 49769,9 млн теңгеге 9976 өтініш түсті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Рәзия Сарсенбаева мәлім етті, деп жазады strategy2050.kz.

"Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлікті жария ету үшін жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияларға жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін 49769,9 млн теңгеге 9976 өтініш түскен, оның ішінде 8563 тұрғын жай объектілері бойынша 33016,4 млн теңгеге, 1 413 тұрғынжай емес объектілері бойынша 16753,5 млн теңгеге", – деп атап өтті Р. Сәрсенбаева.

Осы ретте, оныңи деректері бойынша, бүгінгі күні барлығы 44357,9 млн теңгеге 9093 нысан жария етілген, оның ішінде, 7872 тұрғын жай объектілері 30152,5  млн теңгеге, 1 221 тұрғын жай емес объектілері 14205,3 млн теңгеге.

Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында барлығы 12993,1 млн теңгеге 143 арнайы декларация қабылданған, оның ішінде 139 ақшаны жария ету бойынша және 12974,7 млн теңгеге ақша және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша 18,4 млн теңгеге 4 арнайы декларация жария етілген.

Р. Сәрсенбаева атап өткендей, мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мүліктерді жария етуге өтініштер түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу