"Тараз химиялық паркі" еркін экономикалық аймағында салынатын қант зауытының шикізатын тұтынатын өндіріс ошағы жақыннан табылуы мүмкін. Бұл туралы LS сайты Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру кеңсесі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.
"Жобаның құны – 2 млрд теңге. Зауыт тәулігіне 200 тонна қант шәрбатын шығарады. Оны, негізінен ішкі нарыққа өткізу жоспарланған", – делінген кеңсенің ақпаратында.
Жалпы "Тараз химиялық паркі" еркін экономикалық аймағында қант зауытын салу үшін 80 млрд теңге игеру көзделіп отыр. Өндіріс ошағы 2021 жылдың аяғында іске қосылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу