Маңғыстау әкімі Серікбай Тұрымов Жаңаөзенде салынып жатқан "Орда" зауытына барды, деп хабарлайды lada.kz.
"Қазір құрылыстың 90 пайызы аяқталды. Бір айдан соң зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Шикізатты Ресейден әкелеміз. Зауыт тәулік бойы жұмыс істейді, ал қызметкерлері 3 ауысыммен істейтін болады. Жоспар бойынша күніне – 10 тонна, ал айына 300 тонна қант өндіреміз",– дейді "Орда" ЖШС директоры Ерболат Сүлейменов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу