Жапонияда цунамидің салдарынан өзеннің бағыты өзгерді

1577

Жапонияда цунамидің салдарынан өзеннің бағыты өзгерді

Жапонияның Тагадзё қаласындағы өзендердің бірі ағыс бағытын өзгертті. Оған жойқын зілзала соңынан ұласқан цунами себеп, деп хабарлайды 24 Хабар.

Айта кеткен жөн, кеше Күншығыс елінде 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 15 адам жарақат алған. Табиғи апаттан кейін өңірде цунами пайда болған. Толқынның биіктігі 1 жарым метрге дейін жетті. Артынша 82 рет жерасты дүмпуі тіркелді. Оларды 15 бірдей префектура тұрғындары сезген. Арасында атом электр станциясы орналасқан Фукусима префектурасы да бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу