Жаппай сату кезеңінде сауда қызады

852

Онлайн-тапсырыстың 91%-ы смартфоннан беріледі. 

Жаппай сату кезеңінде сауда қызады

Жаппай сату маусымында (11 қарашадағы дүниежүзілік шопинг күні мен Black Friday-де (яғни "қара жұма", ол биыл 26 қарашада болады екен) сауда қызады. Кейінгі жылдарда негізгі жеңілдіктер осы 15 қарашадан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта болып жатыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеп.

Admitad Kazakhstan серіктестік желісінің деректеріне сүйенсек, 2020 жылғы жаппай сату кезеңінде әлем брендтері мен маркетплейстерд онлайн-сатылымда жақсы өтті. Онлайн сатып алу – 65%-ға, сатып алу сомасы – 65,5%-ға, пайда табу 60,3%-ға өскен.

Қазақстанда 2020 жылғы жаппай сату кезеңінде онлайн-тапсырыстардың саны 38,5%-ға ұлғайды, ал биыл жалпы әлем бойынша 60%-дан астам өседі деп күтіліп отыр. 

2020 жылғы жаппай сату кезеңінде ТМД елдерінде электроника мен тұрмыстық техникаға онлайн-тапсырыс көп болған. Бұл барлық онлайн-тапсырыстың 46%-ына тең. 

Енді тапсырыстың қалған пайыздары бойынша айтсақ, киім, аяқ киім және аксессуарларға – 15,6%, косметика мен күтімге арналған тауарларға – 9,5%, қонақүйлерді брондау – 4%, онлайн білім беруге – 3,8%, жиһаз бен үйге арналған тауарларға 3,7% тиесілі.

Кешбэк-сервистер (35,4%), интернет-блогтар мен онлайн-БАҚ (23,1%) былтырғы жаппай сату кезеңінде ТМД елдерінде клиент тартудың негізгі көзі болды.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында, PwC Kazakhstan компаниясы мен "Цифрлық Қазақстан" қауымдастығының деректері бойынша, ҚР-дағы бөлшек электрондық коммерция көлемі 426 млрд теңге болды. Бұл жерде теміржол мен әуе билеттерін сату, тамақ жеткізу, коммуналдық төлемдер және басқалары есепке алынбады, тек жеке тұлғаларға тауарларды сату қарастырылды.

Тауарларды бөлшек саудада онлайн-сату 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2,2 есе, сатып алу 2 есеге жуық өсті. Интернеттегі сатылымның барлығы дерлік смартфондар арқылы жүзеге асырылады: олардың үлесі бір жыл ішінде 89%-дан 91%-ға дейін өсті.

Жалпы, 2020 жылы ҚР-да бөлшек электрондық коммерция көлемі 596 млрд теңгеге жетті – 2019 жылмен салыстырғанда 82,3%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу