Жеңімпаз командаға 10 мың доллар бұйырады

1132

Инновациялық байқаудың финалында 3 команда бақ сынайды.

Жеңімпаз командаға 10 мың доллар бұйырады Фото: baq.kz

IX KAZENERGY жастар форумы аясында өтіп жатқан Student Energy Challenge байқауының жартылай финалында 9 команда бақ сынады. 

Еліміздің маңдайалды жоғары оқу орындарының "ақылды бастары" сынға түскен сайыста энергетикалық проблемаларды шешудің инновациялық жолдары қарастырылды.

Озық ойлы жастардың тартысты таласында Innovation WKATU, FEOGI, Wind of Change атты 3 команда топ жарып, финалға шықты. Ертең осы командалар жүлде қоры 18 мың АҚШ долларын құрайтын байқаудың соңғы кезеңінде бақ сынайды. Үшінші орын алған командаға 3 мың, екінші орынға ие болған топқа 5 мың, бірінші орынға қол жеткізген инноваторларға 10 мың доллар бұйырады.

Айта кетейік, аталмыш байқау 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол инноватор-студенттердің жобаларына қолдау көрсетуді көздейді. Биыл байқауға 70 команда қатысты. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу