Жыл басынан бері Қазақстан жолдарындағы көліктік бақылау саласында 10 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР ИИДМ көлік комитетінің басшысы Самат Ғилимов мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Жыл басынан бері 77 мыңнан астам АКҚ тексеріліп, 10 345 заң бұзушылық анықталып, 466 млн теңгеге айыппұл салынды. АКҚ жүргені үшін 2,7 млрд теңгеден астам алымдар өндіріп алынды. Теміржол көлігі саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне 320 тексеру жүргізілді, 10 мыңға жуық бұзушылық анықталды, 27,3 млн теңгеге айыппұл салынды. Су көлігінде 2006 кеме қаралды, 267 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, соның нәтижесінде 2,1 млн теңгеге айыппұл салынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 119 ұйғарым берілді. Жыл басынан бері комитет 75 мың мемлекеттік қызмет көрсетті. Комитет 35 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның 26-ы электронды түрде көрсетіледі", – деп хабарлады комитет басшысы кеңес барысында.
Сонымен қатар, Самат Ғилимовтың мәліметі бойынша, 2019 жылдың 7 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін екі қызметкер ұсталды.
"Сондай-ақ, осы жылдан бастап инспекция қызметкерлеріне пара ұсынатын жүргізушілерді әшкерелеу бойынша оң тәжірибе басталды. Биылғы жылы пара беру фактілері туралы үш хабарлама Ұлттық Әділет министрлігіне жіберілді. Қызметкерлер көрсеткен адалдығы үшін марапатталды", – деп атап өтті КК басшысы.