"3-Энергоорталық" АҚ-да жөндеу науқаны басталды

783

"3-Энергоорталық" АҚ-да  жөндеу науқаны басталды

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "3-Энергоорталық" АҚ ЖЭО және қазандықтарды 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындауды бастап кетті.  Бұл мақсаттарға биыл 400 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

2017-2018 жылдардағы Шымкенттегі жылыту маусымы 155 күнге созылды және осы жылдың 24 наурызында сәтті аяқталды. Бұл уақытқа дейін станция 606 721 гигакалория жылу энергиясын өндірді. Жұмыс істеген басты қондырғылардың саны нормативке сәйкес келеді. Станция бұл өңірде бұрын болмаған қатты аяз, орташа температура минус 20 градусқа түскенде бар қуатында жұмыс істеді.  Жылыту мауысымы барысында бірде-бір форс-мажорлы жағдай немесе станция қондырғыларының жұмыс режимінің маңызды бұзылулары тіркелмеді. Тұрғындарға жылу үздіксіз беріліп отырды. Температуралық және гидравликалық режим белгіленген нормаларға, жеткізетін ұйым  "Қуатжылуорталық" МКК сұранымдарына сәйкес сақталды.

Алдағы жылыту маусымына дайындық ағымдағы кезең аяқтала салысымен басталды. Бүгінгі таңда жөндеу науқанын өткізу үшін  қажетті бюджет қалыптастырылған.

Қазіргі таңда бекітілген кестеге сәйкес ПЭН-3 қоректендiргiш сорғысы күрделі жөндеуден, №2 бу турбинасы ағымдағы жөндеуден  өткен.  Жаз айларында  №1 бу  турбинасы және автотрансформатор күрделі жөндеуден өтетін болады. Станцияның барлық қазандықтарында және көмекші қондырғыларда ағымдағы жөндеу өтеді. Жылыту маусымы басталғанға дейін жергілікті қазандықтардың  К-24, ПМК-49, К-19,   К-54, РК-3 негізгі құрал-жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу