"7-20-25" бағдарламасын іске асыруда белсенділік танытқан банк марапатталды

953

"7-20-25" бағдарламасын іске асыруда белсенділік танытқан банк марапатталды

ЦентрКредит банкі "7-20-25" бағдарламасы бойынша көшбасшы болғаны үшін марапат алды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінде ЦентрКредит Банкі "7-20-25" ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруда көшбасшы болғаны үшін естелік кубокпен марапатталды. Қазіргі сәтте бағдарлама бойынша берілген кредиттердің 91%-дан астам үлесі ЦКБ-ге тиесілі.

"Бүгіні күнде сөзсіз сұранысқа ие осы бағдарламаның аясында біз 25 миллиардтан асатын сомаға ипотекалық қарыз бердік. Екі мыңнан астам отбасы жеке баспанаға ие болды. Бұл сандар – біздің сервисіміздің жоғары сапасы мен жылдамдығының көрсеткіші, біз әрі қарай оларды жетілдіре түсу үшін тұрақты түрде жұмыс жасаймыз. Қазіргі уақытта ЦКБ-де бағдарлама бойынша қарызды, бар болғаны, үш күннің ішінде беру мүмкіндігі қарастырылған. Біз осы бағытта ЕДБ арасында көшбасшы болғанымыз үшін қуаныштымыз, өйткені берілген әрбір қарыздың ар жағында қысқа мерзім ішінде тиімді талаптармен жаңа пәтерге ие болған нақты адамдар тұр. Біздің қызметімізді жоғары бағалағаны үшін "Баспана" компаниясына шын жүректен алғысымды білдіремін", - дейді банк басшысы Ғалым Хұсаинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу