"7-20-25" бағдарламасы аясында бөлінген 1 трлн теңгеге Қазақстанда 135 мың 1 бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Ол үшін 35 шаршы метрлік пәтерлер орта есеппен 9,25 млн теңгеден сатылуға тиіс. Ал ай сайынғы төлем 53 мың теңгедей шығады. Бұл LS бизнес порталының жасаған есебі.
Ал қалалар көлеміндегі есеп өзгеше шығады. Мәселен баспана құны ең арзан қала Таразда бұл ақшаға 307 мың пәтер алуға болады. Ай сайын небары 22,900 теңге төлейсіз. Сонда 25 жылда барлығы 7,7 млн теңге төленеді.
Петропавл, Талдықорған және Қызылордада 250 мыңнан аса бір бөлмелі үй алуға болады. Ал Астана, Алматы, Атырауда 1 трлн-ға небары 64 мың пәтер келеді.
Қазақстанның құрылысшылар одағының ресми зерттеулеріне сәйкес, 35 шаршы метрден алғанның өзінде елдегі отбасылардың 5 пайызын ғана баспанамен қамтамасыз етілер еді. Яғни, бұл тым аз деген сөз.
Айта кетейік, 2 ай ішінде, шілденің 20-да дейін ел көлемінде 1,1 млрд теңгеге 95 ипотекалық несие рәсімделіпті.