"Әлем аруы-2018" байқауында Димаш Құдайберген ән шырқады

1246

"Әлем аруы-2018" байқауында Димаш Құдайберген ән шырқады

Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдың Санья қаласында "Әлем аруы-2018" байқауының финалы өтті. Онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі "Ұмытылмас күн" атты әнін шырқады.

Ал Қазақстан атынан аталмыш байқауда бақ сынаған Екатерина Дворецкая үздік отыздыққа ене алмады. 

68-ші рет өткізіліп отырған байқауда "Әлем аруы" атағын Мексикадан келген Ванесса Понсе де Леон жеңіп алды. 

Байқауға 118 елдің аруы қатысты. Үздік бестікке мексикалық бойжеткеннен бөлек, Беларусь, Уганда, Джамайка  және Таиланд сұлулары өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу