"Altyn Bank"-ті екі банк бөліп алды

613

"Altyn Bank"-ті екі банк бөліп алды

2018 жылы жүйе құраушы екі банкті - "Казкоммерцбанк" пен "Халық банкті" біріктіру күтіліп отыр. Шоғырландыру нәтижесінде "Халық банкінің" банк секторының активтеріндегі үлесі 19,7%-дан 33,7%-ға дейін, кредиттік қоржынындағы үлесі – 20,1%-дан 30,8%-ға дейін өседі. Бұл жайлы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ол Ұлттық банк, жалпы алғанда банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі қолданыстағы бизнес-процестерді жақсартуға ықпал ететін банк секторын шоғырландыру бойынша бастаманы қолдайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы "Altyn Bank" АҚ-пен, "Эксим Банк" АҚ-пен, "Астана Банкі" АҚ-мен, "Qazaq banki" АҚ-мен қалыптасқан ахуал туралы айтып берді.

Атап айтқанда, ол 2018 жылғы 5 сәуірде Ұлттық банк China CITIC Bank Corporation Limited-ке(CITIC Bank) "Altyn Bank" АҚ-ны сатып алуға рұқсат бергендігін айтып берді. Бүгінгі күні мәміле аяқталды, 60% акцияларымен CITIC Bank және 40% акцияларымен Халық банкі акционерлері болып табылады.

"ЭксимБанк", "Астана банкі", Qazaq Banki кредит қоржыны сапасының төмен болуына байланысты өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етумен қиыншылықтарды бастан кешіп отыр. Сондықтан, үш банкте клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау шектеулі. Қазіргі кезде осы банктердің қызметіне қадағалау күшейтілген режимде жүзеге асырылуда", - деді Ақышев.

Ол, Ұлттық банк аталған үш банктің қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асырады және банктің менеджментімен және акционерлерімен жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды пысықтау бойынша келіссөздер жүргізіп отырғандығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу