Елорда төріндегі "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" турниріне іріктеу жарысы өтіп, "Астана Қыраны" анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне іріктеу сайысында бас жүлдені Сейтан Айбат жеңіп алып, "Астана Қыраны" атанды. Ол финалда Айтуар Абдулаевпен белдесіп, жеңіске жетті.
Енді финалда белдескен қос балуан республикалық "Қазақстан барысы" турнирінде Астананың намысын қорғайтын болады. Ал үшінші орынға Ерлан Алшынбаев ие болды.
Жалпы "Астана Қыраны" атағы үшін 23 балуан сынға түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу