Астана қаласының Тасымалдаушылар қауымдастығы жаңа қатысушылармен толықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Таксомоторлық компаниялар жаңа көліктер сатып алып, "Astana Taxi" бірыңғай қызметінің паркін толықтырды. Олардың арасында "Altyn" таксомоторлық паркі 5 бірлік, "London" таксомоторлық паркі 15 бірлік, "Compass" таксомоторлық паркі 5 бірлік көлікке көбейді.
Алдағы уақытта парк қосымша "Даму" қорымен қолданған жаңа 20 көлікпен толығады деп күтілуде.
Транспорттық компанияның мәліметінше, Астана әкімдігінің қолдауымен "AstanaTaxi" жобасының жүзеге асырылуымен заңды тасымалдаушылардың 7-ден 18-ге дейін көбейгені байқалды.
"Келешекте такси қызметін эконом, комфорт, бизнес және VIP санаттары бойынша реттейтін боламыз. Осылайша, біз қызметімізді барлық жолаушыларға қолжетімді етеміз", – делінген хабарламада.