Зағипа Балиеваның бастамасымен "Асыл бала" қоғамдық қоры ШҚО-да су тасқынынан зардап шекккен отбасыларға қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды bnews.kz.
ҚР мәжіліс депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның бастамасымен "Асыл бала" қоғамдық қоры ШҚО Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларына 3,5 миллион теңге бөлді.
Зағипа Балиеваның айтуынша, "Аягөз Болашақ" қорына аударылған қаражат жылы киім алуға, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу