"Барыстар" салмақ өлшеді

1038

"Барыстар" салмақ өлшеді

8-ші қыркүйекте қазақ күресінің шеберлері "Әлем барысын" анықтайды. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған халықаралық турнирге 39 елден 43 спортшы келген. Қазақ елінің намысын бес жігіт қорғайды, деп хабарлайды 24kz.

Бармағынан күш саулаған балуандар салмақ өлшеп, жеребе тастау рәсіміне қатысты. "Түйе балуандар" арасындағы сайыстың алыбы Жаңа Зеландиялық Чико Пембертон болды. Оның салмағы 175 келі. Биылғы "Қазақстан барысы" Еламан Ерғалиев 123 келі, тағы бір "барысымыз" Айбек Нұғымаров 141 келімен жарысқа қатысады. Ержан Шынкеевтің салмағы 130 келі болса, Дәурен Нұралинов одан үш келіге ауыр тартты. Айбат Сейтен 115 келі салмақпен белдеседі.

"Әлем барысы" турнирінде топ жарған балуан 15 миллион теңгені еншілейді. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.

"Астанада екі апталық жиын өтті. Енді қарсыластар жайлы айтатын болсам, өте мықты балуандар келіп жатыр. "Бақ шаба ма, бап шаба ма" дейді ғой. Бабым жақсы, жақсы дайындықтан өттік. Осы жарыстан үлкен үміт күтіп жатырмыз", - дейді "Әлем барысы" турниріне қатысушы Дәурен Нұралинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу