"Бизнес по-казахски" кинопрокаттан 78 млн теңге табыс тапты

1342

"Бизнес по-казахски" кинопрокаттан 78 млн теңге табыс тапты

Отандық фильмдердің кинопрокат арқылы қанша пайдаға кенелетінін Kinopark желісі жария етіпті.  Онда фильмдер кинопрокат кезінде 9 мыңнан 78 миллион теңгеге дейін табыс тапқан. Бұл туралы "Қаздала" ақпараттық агенттігі жазып отыр.

1. "Бизнес по-казахски" – 78 004 700 теңге. Женисхан Момышев режиссерлік еткен фильм өткен жылдың желтоқсан айында жарыққа шыққан.

2. "Районы" – 61 137 500 теңге. Ақан Сатаев түсірген драма, криминал жанрындағы фильм 2016 жылдың 3 қарашасында премьерасы өткен.

3. "Тараз" – 52 386 300 теңге. Нұртас Адамбай түсірген боевик, драма жанрындағы фильм.

4. "Анаға апарар жол" – 37 948 200 теңге. Ақан Сатаевтың тағы бір туындысы.

5. "Гламур для дур" – 26 027 300 теңге. Асқар Ұзақбаев пен ринат Сафаров бірлесе түсірген комедиялық фильм 2016 жлдың 1 желтоқсанында көрерменге жол тартты.

6. "28 панфиловшы" – 10 428 900 теңге. Ресей мен Қазақстан бірлесе түсірген, Ким Дружинин,  Андрей Шальопалардың әскери драмалық туындысы 24 қараша күні көрсетілімге шыққан болатын. Фильм бюджеті 1 700 000 доллар.

7. "Тоқал" – 7 672 100 теңге. "Тоқал" әлеуметтік драмасында отбасылық құндылықтар, әулет қарым-қатынастары туралы мәселе көтеріледі. 

8. "Хакер" – 3 271 700 теңге. США, Таиланд, Казахстан, Гонконг, Канада елдерінде түсірілген Ақан Сатаевтың фильмінің бюджеті 2 миллион долларды құраған.

9. "Пришельцы в ауле" – 3 050 300 теңге.фантастика, комедия жанрындағы туынды 2016 жылдың 15 желтоқсанында кинопрокатқа шыққан еді.

Соңғы үштікті "Три лимона" – 2 847 900 теңге, "Навстречу мечте" – 950 800 теңге,"Подстава" –  9 900 теңге фильмдері өзара бөліседі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу