"Green Land Alatau" жылыжай кешенін ұлғайтуға 2,6 млрд теңге қаражат салады

1630

"Green Land Alatau" жылыжай кешенін ұлғайтуға 2,6 млрд теңге қаражат салады

"Green Land Alatau" ЖШС Алматы облысының Қапшағай қаласындағы жылыжай кешенін ұлғайтуға 2,6 млрд теңге (қазіргі 1$/ 328,73) қаражат салады деп облыстық әкімдік мәлімдеді, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан". 
"Жобаның екінші кезеңі 2018 жылы іске қосылады. Табиғи газды жүргізгеннен кейін жылыжай кешені қосымша тағы 15 га жерді пайдаланатын болады. Биыл барлық құжаттар, инфрақұрылым дайындалатын болады, ал келесі жылы құрылыс жұмысы басталады", – деді әкімдіктегілер. 
Жылжыжайдың жалпы өндірістік қуаты 6 мың тонна қызанақ пен қияр. 
"Green Land Alatau" ЖШС былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 1693 тонна қызанақ, 1595 тонна қияр шығарған. Өнім елде сатылады, сонымен бірге Ресейге экспортталады. Жылыжай кешені голландиялық жабдықпен жабдықталған, тамшылап суару қолданылады. 
"Green Land Alatau" ЖШС 2009 жылы Алматы облысында,сондай-ақ Қазақстанның басқа облыстарында жылыжай кешені желісін құру мен пайдалану мақсатында құрылған болатын. 
Теги: Green Land Alatau Инвестиции Тепличный комплекс Акимат  2009 жылы құрылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу