"Қарағанды құс" құс фабрикасы бір миллион долларға өнім экспорттады

2588

"Қарағанды құс" құс фабрикасы бір миллион долларға өнім экспорттады

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тауық жұмыртқаларын шығарумен айналысатын "Қарағанды құс" кәсіпорнында болып қайтты. Фабрика осы жылы жазда жұмысын бастады, қазір 70 пайыз өндірістік қуаттылығына шыққан, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
"Қарағанды құс" фабрикасын "Al Falah" қазақ-араб қоры сатып алған, мәміле 10 млн долларға бағаланған. Сонымен бірге тағы 5 млн доллар инвестиция ретінде өніріске салынады. Қазіргі таңда мұнда 500 мың құс бар. Жұмыртқалар нарыққа "Alsad" брендімен шығарылады, жәнеде 80% өнім экспортқа жіберіледі", - дейді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.   
Кәсіпорынның жетекшілері "Alsad" жұмыртқаларының артықшылығы – ГМО және антибиотиктердің жоқтығында, себебі құстардың қоректенуіне мұнда ерекше көңіл бөлінеді. 
"Еуропаның өзінде сапалы жұмыртқа тапшы. Қазақстанда қоректендіру базасы өте жақсы, сондықтан тұтынушыларға жақсы, сапалы өнім беру мүмкіндігі бар. Жұмыртқаны өндіру және оның сапасы құстардың қорегіне тәуелді. Демек, егер тауықты жақсы тамақтандырсаңыз, ағзасына керек барлық қажеттіні берсеңіз, ол сапалы жұмыртқа береді. Сондықтан біз қоректендіру үшін жоғары сұрыпты бидай аламыз. Сонымен қатар құстардың тамағына жүгері және соя қосамыз, пацдалы заттар мен түрлі амин қышқылдары болуы үшін", - дейді "Қарағанды құс" кәсіпорнының өндіріс бойынша директоры Хендрик де Ягер. 

Құс фабрикасында жаңа неміс-украиндік құрылғы орнатылған. Жобалық қуаттылығы – жылына 150 млн жұмыртқа. Жоспар бойынша кәсіпорын бұл көрсеткішке 2018-ші жылдың сәуірінде қол жеткізеді. Фабрика өзінің 1 млн долларға бағаланатын өнімін Тәжікстан, Ауғаныстан және Қырғызстанға экспорттаған. Жақын уақытта жұмыртқалар сонымен өатар БАӘ және Қазақстанның ішкі нарығына жеткізілетін болады. 
Оның айтуынша вакциналаудың да маңызы зор, алайда құс фабрикасында мүмкіндігінше екпе жасамай, тауықтардың иммунитетін нығайтуға тырысады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу