"ҚазАгроҚаржы" "EMEA Finance" журналының мәртебелі наградасын алды

631

"ҚазАгроҚаржы" "EMEA Finance" журналының мәртебелі наградасын алды

Халықаралық беделді "EMEA Finance" журналы инвесторлар арасында "ҚазАгроҚаржы" АҚ теңге облигацияларының дебютті шығарылымын "Еуропада, Таяу және Орта Шығыста және Африкада ұлттық валютадағы облигациялардың ең үздік шығарылымы" номинациясының жеңімпазы деп таныды.

Бұл награда компанияға халықаралық капитал нарығындағы – "EMEA Finance Achievement Awards 2016" жыл сайынғы ең үздік мәмілелерді іріктеу аясында берілді.

Естеріңізге сала кетейік, инвесторлар арасында жалпы сомасы 8 млрд теңгеге "ҚазАгроҚаржы" АҚ бес жылдық теңгелік облигацияларын дебютті нарықтық орналастыру 2016 жылғы 14 қарашада өтті. Эмиссиялық консорциумның басқарушысы және мәміле жөніндегі қаржы кеңесшісі ретінде "Halyk Finance" АҚ, бірлескен андеррайтерлері – Еуразиялық Даму Банкі мен "Цесна Капитал" АҚ болды.

Бұл мәміле бойынша сұраныс ұсыныстан едәуір асып кеткенін және артында оң тәжірибесі бола тұрып, "ҚазАгроҚаржы" АҚ бұл жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу