"ҚазТрансОйл" басшылары наразылық танытқандармен келісу үшін Батумиге ұшты

794

"ҚазТрансОйл" басшылары наразылық танытқандармен келісу үшін Батумиге ұшты

Батуми теңіз портындағы жұмыскерлердің наразылық танытуына байланысты және БТП операциялық жұмысын қалпына келтіру үшін "ҚазТрансОйл" АҚ басқармасының мүшелері – бас директордың орынбасары  Орал Ыдырысов  пен басқарушы директор Жайдарман Ысқақов Батумиге ұшты, деп хабарлайды компанияның қоғаммен байланыс қызметі.
Айта кетсек, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның басқаруындағы Батуми теңіз портында жұмысшылар наразылық танытуда. Kavkaz-uzel.eu агенттігінің хабарлауынша қазіргі кезде 12 адам аштық жариялаған. Наразылық білдірушілер бұрын тараптардың келісімі бойынша жұмыстан шығарылған зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскерлерді жұмысқа қайта алуды, Пасха мерекесіне орай қаржылық көмек беруді, сақтандыру пакетін қайта қарауды, порт жұмыскерлерінің еңбекақысын көбейтуді, директордың орнынан кетуін және т.б. талап етіп отыр.

БТП әкімшілігі Грузияның еңбек заңнамасында қарастырылған медиация рәсімі шеңберінде келіссөздер жүргізуді бастауды және порттың кәсіподағымен бірге туындаған барлық мәселелерді қарауды ұсынды.
"Батуми теңіз портының әкімшілігі аштық жариялағандарды сумен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті, медициналық бригаданың тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылды. БТП-дағы жағдайды шешу бойынша қабылданған барлық шешімдер туралы жұртшылыққа және БАҚ-қа уақытылы хабарланатын болады",- дейді компаниядан.

"ҚазТрансОйл" туындаған жағдайды және БТП әкімшілігінің оған рұқсат беру іс-әрекеттерін қадағалап отырғанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу