Благовещенсктегі "Котовасия" шоу-театрының 12 әртіс-мысығын белгісіз біреулер өлтіріп кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Театр жұмысшылары 3 қыркүйек күні таңертең мысықтар тұратын торға келгенде есігін бұзылған, ал мысықтарды өлі күйінде тапқан. Бұның алдында театрдың қызметкерлері жергілікті жасөспірімдермен жанжалдасып қалған екен. Алайда, оқиға түнде орын алғандықтан, әзірге ешбір куәгер табылмады.
"Котовасияның" жұмысшысы Ольга Арсентьеваның айтуынша мысықтар бұл ұжымның белді әртістері екен, олар кішкентай кезінен үйретілген. Оларды қоршауға ит кіргізіп, өлтірген болуы мүмкін.