"Нұрлы жол" вокзал кешені 7 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті

1811

"Нұрлы жол" вокзал кешені 7 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті

Ашылғанына екі жыл толған "Нұрлы жол" вокзал кешені арқылы 7 миллионнан астам жолаушыға, 1156 ұйымдастырылған топқа қызмет көрсетілген, деп хабарлайды "ҚТЖ" PR департаменті.

Вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжоловтың айтуынша, кешен жетілдіру, нақтырақ айтқанда логистиканы жақсарту және сервистік қызметті кеңейтуге қатысты жетістіктерді ерекше атай кеткен жөн.             

"Технологиялық аймақ – келу залдарының ашылуы вокзалда қосымша 12 эскалаторды іске қосу арқылы жолаушылардың қарама-қарсы ағынын жоюға мүмкіндік берді. Жолаушылар қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында виджет табло кестесі қайта қарастырылып, ол екіге, яғни келетін пойыздар қозғалысының және жөнелтілетін пойыздар қозғалысының кестесі болып бөлінді. Қызмет сапасын арттыру үшін кешенде басқа да жұмыстар жүргізіліп келеді", - дейді Нұрлан Аманжолов.

Тағы бір айта кетерлігі – жолаушыларға жайлы болу үшін тегін балалар ойын алаңы, намазхана  ашылды. Сонымен қатар қазпошта, массаж орындықтары, сувенир сататын дүкендер мен өзге де қызметтер пайда болды.

"Біздің нысан көлік хабі секілі даму үстінде – себебі вокзал маңы аумағында "Сапаржай" автовокзалының филиалы ашылды. Мұнда жолаушыларға , соның ішінде қалааралық және облысішілік бағдарларда қатынайтын транзиттік жолаушыларға қызмет көрсетіледі. Оларға да жолаушылар жайлылығы үшін күту залдары мен анықтама қызметі және билет кассасы қарастырылған", - дейді директордың орынбасары.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу