"Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркiнде 13,9 гектар орманды жер өртенді

1372

"Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркiнде 13,9 гектар орманды жер өртенді

ОҚО "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркiнде өрт шығып, 48 гектар жер жалынға оранған. Бұл туралы "Сайрам-Өгем" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң директоры Асқар Ниязов журналистермен болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды okg.kz.

"30 шiлде күнi сағат 15.00-де Төлеби аудандық өрт сөндiру бекетiне "Қызылзау" асуында өрт болып жатқандығы жөнiнде хабар келiп түскен. Тiлсiз жауды ауыздықтау үшiн 73 адам жұмылдырылды. Оның 37-сi  — ұлттық парктiң қызметкерi, 36-сы — жақын маңайдағы ауыл тұрғындары. Өрттi сөндiру үшiн 3 өрт сөндiргiш машина, 12 автокөлiк, 1 трактор жұмылдырылды. Оқиға көлiк шыға алмайтын биiк асуда болғандықтан, өрттi сөндiру үшiн бiраз уақыт жоғалттық. Қолайсыз ауа райы салдарынан асудағы өрттi ауыздықтау кешкi сағат 20.30-ға дейiн жалғасты. Адам өмiрiне төнетiн қауiптiң алдын алу мақсатында 23.00-де барлық адамды төменге түсiрдiк. Ертесiне өрттi сөндiру жұмыстары қайта жалғасты", – дейдi "Сайрам-Өгем" МҰТП-ның директоры Асқар Қамбарұлы.

Тiлсiз жаудың кесiрiнен 47,9 гектар жер күлге айналды, оның 13,9 гектары — орманды жер. Өртке оранған орындарда негiзiнен арша, емен, итмұрын, жиде ағаштары болған. Өрттiң шығу себептерi анықталу үстiнде. Алдын-ала болжам бойынша өрттiң шығуына негiзгi себеп – адами фактор. Паркке демалуға келген азаматтар өрт қауiпсiздiгiн сақтамаған. Қазiр оқиғаға қатысы бар делiнген екi күдiктiнi Төлеби аудандық iшкi iстер бөлiмi тергеу үстiнде. Өрттiң салдарынан мемлекетке 503 734 теңге шығын келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу