"Самұрық-Қазына" мен оған қарасты компаниялар жас IT мамандарын таңдайды

866

"Самұрық-Қазына" мен оған қарасты компаниялар жас IT мамандарын таңдайды

"Самұрық-Қазына"ҰӘҚ және оған қарасты компанияларында "Цифрлық жаз - 2018" тағылымдама бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс департаменті.

Бағдарламаның шарттары мен талаптары туралы брифинг барысында "Самұрық – Қазына" АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Дәурен Керейбаев әңгімелеп берді.

"IT мамандары арасында жазғы практиканың қорытындысы бойынша қордың компаниялар тобы үшін жігерлі, шығармашылық, сауатты мамандарды таңдау туралы шешім қабылдаймыз. Осы бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі - бүгінгі таңдағы IT-индустриясының барлық негізгі брендтерімен келісіп, олар көптеген IT мамандықтарында оқытуға көмектетін болады", -  деп мәлімдеді Дәурен Керейбаев.

Жоғарғы оқу орындарын 2016, 2017 және 2018 жылы бітірген студенттер "Цифрлық жаз – 2018" бағдарламасына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ресми www.sk.kz сайтына кіріп, өтінім қалдыра алады. Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және қор компанияларында ақпараттық технологияларының дамуына үлес қосу бағдарламаның негізгі талабы болып саналады.

Бағдарламаға өтінім 6 маусымнан 30 маусымға дейін жүзеге асырылады. Тағылымдаманың өзі 1-шілдеден бастап 31 тамыз аралығында Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар және Атырау қалаларында өтеді. Тағылымдамадан өту үшін студенттер қордың ресми сайтына кіріп, ақпараттық технологияларға байланысты 10 сұрақтан тұратын тесттен өтуі керек. Барлық талаптарға сай жас мамандар қор қоржынының копания өкілдерімен сұхбаттасу кезеңінен өтеді. Үздік мамандар тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуға шақырылады.

Оқыту бағдарламасын қор әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірлесе әзірледі.  Тағылымдамадан өтетін жастар құнды тәжірибе жинап, білім алады. Бұл өз кезегінде оларға бәсекелестігі жоғары ІТ саласында артықшылыққа ие болып,  SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмысты шыңдай алады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік танылған жастар келесі компаниялар тобында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ: "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Тау-Кен Самұрық" АҚ, "КОРЭМ" АҚ,  "Qazaq Air" АҚ, "Энергоинформ" АҚ, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС және "Біріккен химиялық компания" ЖШС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу