"Самұрық-Қазына" спорт федерацияларын қаржыландыруды министрліктің құзырына тапсырды

875

Адам әлеуетін дамытуға, сондай-ақ, әлеуметтік және медицина секторларына арналған бағдарламаларды жүзеге асыруға баса назар аудару туралы шешім қабылданды.

"Самұрық-Қазына" спорт федерацияларын қаржыландыруды министрліктің құзырына тапсырды

"Самұрық-Қазына" қоры Қазақстан аумағында балаларға арналған 41 әмбебап спорт алаңын ашты, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

"Самұрық-Қазына" қоры жаңа қайырымдылық саясаты аясында еліміздің 10 өңірінде балаларға арналған 41 әмбебап спорт алаңын ашты. 

Айта кеткен жөн, 2016 және 2017 жылдары қор әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында балаларға арналған 44 алаң орнатты. Әмбебап кешендер Ақмола, Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында ашылды.  

Балаларға арналған спорт кешенінде футбол алаңы, жаттығу аймағы және балалар алаңқайы бар. Ойын алаңдары жасанды шөптермен, ал жаттығу және балаларға арналған аумақтар қауіпсіз материалмен қапталған. Әрбір алаңда инклюзия элементтері бар. Онда мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Балаларға арналған әмбебеап спорт кешендері облыстық әкімдіктерге тапсырылды.

Атап өткен жөн кетейік, 2018 жылдың ақпан айынан бастап жаңа қайырымдылық саясаты аясында қор спорт федерациялары мен "Астана" ПКСК-ын қаржыландыруды мәдениет және спорт министрлігінің құзырына тапсырды. Адам әлеуетін дамытуға, сондай-ақ, әлеуметтік және медицина секторларына арналған бағдарламаларды жүзеге асыруға баса назар аудару туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу