"Самұрық-Қазына" жарты жылдағы табысын жариялады

701

Қор халықаралық банктерден алған кредитін уақытынан бұрын жапты. 

"Самұрық-Қазына" жарты жылдағы табысын жариялады

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына қарасты 12 ірі компанияның жарты жылда негізгі қызметтен түскен табысы 3,339 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды abctv.kz. 

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділдің айтуынша, негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өскен. Ал операциялық табыс 428 млрд теңгеге тең болды. Бұл көрсеткіш былтырғы деңгейден 43,1%-ға көп. 

"Аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге мұнай өңдеу көрсеткішінің 13%-ға, электр энергиясын өндірудің 28%-ға және темір жолдағы жүк айналымының 9%-ға артуы әсер етті", – деді деді Ернар Жанәділ "Үкімет үйінде" өткен брифингте. 

Оның айтуынша, қор қаржылық тұрақтылықты нығайту мақсатында халықаралық банктерден алған 900 млн АҚШ доллары көлеміндегі кредитін уақытынан бұрын жапқан. Негізі бұл кредиттер 2020 жылға дейін жабылуы керек еді. 

"Сондай-ақ ұлттық әл-ауқат қоры екінші деңгейлі банктерден бұғатталған депозиттерін кері қайтарып алды. Нақтырақ айтсақ, "Қазкоммерцбанктен" 117 млрд теңге алынды. Сонымен қатар шектік келісім шеңберінде банктерден қосымша 220 млрд теңге алынбақ. Бұл қаржы қордың еншілес компанияларын қаржыландыруға жұмсалады", – деді Ернар Жанәділ. 

Атап айтқанда, "Самұрық-Қазына" "Қазақстан Темір жолына" 75 млрд теңге, "Қазақтелекомға" 75 млрд теңге және "ҚазАтомӨнеркәсіпке" 200 млн АҚШ долларын бақыттамақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу