"СКАТ" əуекомпаниясы Шымкентте жаңа терминал құрылысын бастайды

1203

Осыған байланысты қала әкімдігі тарапынан терминал құрылысына 2,8 гектар жер телімі бөлінді.

"СКАТ" əуекомпаниясы Шымкентте жаңа терминал құрылысын бастайды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "СКАТ" əуекомпаниясы" АҚ төрағасы президенті Владимир Денисовпен меморандумға қол қойды. Меморандум аясында "Шымкент қаласы əуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы" жобасы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Бұл жоба Шымкент əуежайында жолаушыларды өткізу қабілетін арттыру үшін терминал салу қажеттілігі туындауына байланысты қолға алынды. "СКАТ" əуекомпаниясы" АҚ жеке инвестор ретінде жаңа терминалды өз есебінен салуға қызығушылық танытып отыр. Осыған байланысты қала әкімдігі тарапынан терминал құрылысына 2,8 гектар жер телімі бөлінді", – деді шаһар басшысы.

Шымкент республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылғалы шаһарымызға отандық жəне шетелдік туристер көптеп келуде. Қала басшысы инвесторды меморандум аясында құрылыс жұмыстарын ертерек бастауға және үзіліссіз жалғастырып, 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайдалануға беруге шақырды.

Инвестиция көлемі 50 млн АҚШ долларын құрайды.

Жаңа терминал құрылысы бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Алдымен "СКАТ" өз қаржысы есебінен көлемі 2,8 га жер теліміне жаңа терминал құрылысын жүргізеді. Содан кейін көлемі 7 га жерге әуе кемелеріне арналған перрон кеңейтіледі. Ал жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысын, абаттандыру жұмыстары қала әкімдігі тарапынан жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу