"Жезқазған Энергосбыт" тұтынушыларға 1 миллиард теңге қайтаратын болды

1174

"Жезқазған Энергосбыт" тұтынушыларға 1 миллиард теңге қайтаратын болды

Сот "Жезқазған энергосбыт" компаниясын тұтынушыларға 1 млрд теңге қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты монополияға қарсы ведомствоның "Жезқазған энергосбыт" ЖШС-не жіберілген талабын қарастырды. Жезқазған аймағын электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған монополист тариф жөніндегі істе жеңіліп қалды. Сот көтеріңкі тарифтерді заңсыз деп тауып, кәсіпорынды бір ай аралығында тұтынушыларға 1 млрд теңгені қайтарып беруге міндеттеді. 
"Жезқазған Энергосбыт" ЖШС сот шешімі заңдық күшіне енген соң 30 күн аралығында тұтынушыларға 1 014 879 300 теңгені қайтарып беруі керек.

Оған қоса, сот компаниядан мемлекеттік бюджет кірісіне 30 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірді. 
"Жезқазған энергосбыт" төңірегіндегі тарифке қатысты дау-дамай ұзақ уақыт жалғасып келеді. 2015-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қызмет көрсетуші халыққа қосымша құн салығысыз 1кВт/сағатына 18,83 теңге көлемінде шот жібере бастаған. Ол баға монополияға қарсы органмен келісілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу