"Қайта өңдеудің келесі түріне көшу экономикалық тұрғыдан тиімді болу керек"

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
3106

Шикізатты өңдеуді дамыту Қытаймен және басқа да ірі өндірушілермен бәсекелес болуға әкеледі.

"Қайта өңдеудің келесі түріне көшу экономикалық тұрғыдан тиімді болу керек"

ATK Holdings компаниясының бас директоры Әбдімәлік Мирахмедов abctv.kzтілшісіне берген сұхбатында металл және басқа шикізат саудасы, сондай-ақ өндірісті дамытудың аяқ алысына тоқталды.

 –  ATK Holdings және Trafigura компанияларының қазіргі дамуы мен жоспары жайлы айтсаңыз?

 – ATK Holdings компаниясының негізі 2006 жылы қаланған. Құрылтайшысы – Trafigura компаниясы және мен. Компания Ресей және бұрынғы посткеңестік кеңістікте болған елдерде жұмыс істеп жатыр. Компания шикізат материалдарын сатумен айналысады. Негізгі мақсат –Trafigura әлемдік сауда компаниясының платфомасында 15 жыл саудамен айналысқан тәжірибемді осы салада қолдану болды.  Өз жұмысымызда түсті металлдарды, қара металлургияда қолданылатын пайдалы қазбаларды пайдаланамыз. Мысалы сондай стратегиялық бағыттардың бірі – мыс.

Мыс және мыс өнімдері бойынша жалпы сауда кітабындағы жазба шамамен алты млн тонна, ал бұл саладағы басты ойыншы Trafigura компаниясы. Қолда бар құралдың бәрін қолдану материал өндірушілерге қосымша қосалқы құнды әкелуімізге мүмкіндік жасап отыр. Компания тау-кен өндірісі кәсіпорындарын қысқамерзімге қаржыландырады және бірнеше жылға алдын ала төлем ұсынады. Сонымен қатар өндірісті ұлғайтуды да қаржыландырады. Біз өндіруші мен тұтынушыға қосымша құндылық сыйлап, банкпен арадағы алтын көпір болғымыз келеді. Өйткені қазір банктер көптеген компанияны қаржыландыра бермейді. Компанияның ковенанттары қарыз алуға мүмкіндік бермейтін де кездер болады. Мұндай жағдайда банктерге біз тиімдіміз, олар бізбен тәуекелге барады, біз екі тарапқа да кепіл боламыз. Бұл бізге банктің қаржыландыруын пайдалануға және осы тау-кен өндірісі кәсіпорындарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Біздің сауда өкілдігіміз әлемнің 126 елінде ашылған, оның айналымы 45 млрд доллардан асады.

–  Шикізат нарығында әлсін-әлсін баға құбылмалығы болып тұрады. Бағаға қандай факторлар әсер етеді ? Тауарды шығаратын елдер мен жеткізуші компаниялар нені ескергені жөн? Сіз кәсіпорындарды қаржыландырамыз дедіңіз. Бұл механизм қалай жұмыс істейді, ол жерде бірнеше жылға бір баға белгілене ме?

– Кез келген бизнесменнің, банктің немесе сауда компаниясының жетістікке жету факторының бірі – тәуекелді бақылауына тікелей байланысты болады. Баға құбылмалығы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінен туындайды. Бұл жерде Қытай үлкен рөл ойнайды. Экономикада қандай да бір баяулаудың бар екенін байқасақ, онда ол бағаның құбылуына тікелей әсер ететінін көреміз. Қытай инфрақұрылым– әуежай және темір жол құрылысына ақшалай қуат беруі мүмкін. Бұл – қандай да бір нормативтер мен реттеудің өзгеруі. Қазір Еуропада зиянды қалдықтардың қоршаған ортаны ластауы байқалады. Мұндай жағдайда біздің трейдер ретіндегі міндетіміз өзімізді мұндай құбылмалықтан сақтандыру. Біз не істейміз? Біз өз позицияларымызды белсенді түрде сақтандыра бастаймыз. Бізде сақтандырумен кәсіби тұрғыда айналысатын үлкен бөлім жұмыс істейді.

Алдын ала төлемге келетін болсақ, онда оның әртүрлі болатынын айтқым келеді. Сіз FCA-ға ақша төлеп, өндіруші тауарды тиеп алып, сіз оны сатсаңыз, онда бұл да алдын ала төлем болып саналады. Бірнеше айға жасалатын алдын ала төлем түрі бар. Сондай-ақ бір жылға немесе үш жылға да жасауға болады. Біз тұтынушымен уағдаласып, оның қаржылық есебімен толық танысып шығамыз. Егер қаржылық есебі дұрыс болса, онда алдын ала төлемді бір жылға жасаймыз. Біз тұтынушының банктен алатын қарызына қарағанда тиімдімөлшерлеме ұсынуға тырысамыз. Алдын ала төлемнің жартысын банк, жартысын біз береміз. Өз ақшамызды көбінесе тауармен аламыз, яғни тауар бағасын және несиенібіздің маржаны жабатындай тәсілге келісеміз.

–  Яғни әңгіме жүз пайыз алдын ала төлем жайында емес қой?

– Әрқилы болуы мүмкін. Барлығы нақты жағдайға және біз жауапты болатын тәуекелге   байланысты болады. Тәуекел өскен сайын біздің маржамыз да өседі, бұл енді түсінікті шығар. Маржаның артуы –  бұл біздің сатып алатын бағаны азайтады. Өндіруші ақшаны тікелей банктен немесе бізден ала алады. Оны өзі таңдайды. Біз көбінесе банк тікелей қаржыландырмайтын жобаларды қаржыландырамыз. Банк неге біз арқылы жұмыс істейді? Өйткені барлық тәуекелге біз жауап береміз, банк ақшаны маған береді, мен сізге беремін. Егер сіз қайтара алмасаңыз, банк қарызды сізден емес, менен сұрайды. Сондай-ақ клиенттің ковенанттары қосымша қарыз алуға мүмкіндік бермейтін жағдайлар болады. Сол кезде біздің көмегімізге жүгінеді.

–  Қазақстанның шикізатына деген сұраныстың өсуіне қандай факторлар негізгі драйвер болады?

 – Бүгінгі таңда Қытай маңызды рөл атқарып отыр. Ол трендсеттер болып тұр. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың өндірісті Қытайдан АҚШ-қа қайтару туралы айтқанын естіген шығарсыздар. Ол көмір индустриясының саясатын қатаң түрде ырықтандырмақшы. Мұндай факторлар сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.

–  Шикізатты ірі сатып алушы Қытай болғандықтан, келешектегі жағдай қандай болмақ?

–  Мәселенің барлығы әңгіменің не жайында болғанына байланысты. Біздің үлестес үлкен сауда компанияларынан үлкен айырмашылығымыз бар. Олар өз тауарын үнемі сатуы керек, өйткені тауарағыны үздіксіз түсіп отырады. Ал бұл үлкен қысым жасайды. Сондықтан тіпті мұндай компанияларда активіміз болған күннің өзінде, жүзпайыз тау-кен өндіру немесе мұнай өңдеу компаниясы болудан бас тартамыз. Біз сауда компаниясы деген дәрежемізді жоғалтқымыз келмейді.

– Сіз капиталға кіретініңізді айттыңыз. Қанша пайыз- 10%, 20%?

– Барлығы кәсіпорынға байланысты.

– Бұл не үшін жасалып отыр?Кәсіпорынның өз міндетін қалай орындап жатқанына сараптама жасау үшін бе? Капитал салып отыру трейдинг компанияның жұмысы емес қой...

– Сұрағыңыз дұрыс. Сауда компаниясы мұнымен не үшін айналысады? Бұған бірнеше себеп бар. Өте қызықты, жоғарытиімді жобалар бар, біз осы орайда олардың upside білеміз. Капиталға кірмес бұрын қандай value әкелетінімізді, қандай upside алуға болатынын қараймыз. Көбінесе акцияның бір бөлігін сатып аламыз. Біріншіден, біздің ол жерге тауаржеткізуге құқымыз бар.

Тіпті біз акциясын сатып алған өндіруші өз тұтынуын қысқартқан күннің өзінде бізді тізімнен шығара алмайды. Екіншіден, өндірушілердің дайын өнімінің  акциясын сатып алғанда, өткізу нарығына кепіл береміз. Біз тек акционер ғана емес, сондай-ақ оффтейкерде боламыз. Негізгі акционер болу мақсат емес. Акцияның 50%-ын немесе 10%-20%-да алуымыз мүмкін. Барлығы нақты жағдайға байланысты.

– Қазақстан өзінің өңдеу өнеркәсібін дамытуға тырысуда. Бұл ел ішіндегі шикізатқа деген сұранысты қаншалықты арттыруы мүмкін?

–Мұның барлығы шикізат тобына байланысты болады. Қайта өңдеуді қарастыратын, даунстрим деген қарапайым сөз бар. Ол қосымша жұмыс орындарын ұсынады және мемлекетке де пайдасын тигізеді. Бірақ бұл жерде тауарға деген сұраныс пен бәскелестің кім екенін біліп алған жөн. Өйткені айналып келгенде барлығы тағы case by case - ге байланысты болуы мүмкін. Кейде компания келесі қайта өңдеуге көшіп кетеді де, материал қатты сұранысқа ие болмай қалады, ал оны экспортқа шығаратын болсаң, Қытаймен бәсекеге түсуге тура келеді.

Бұл жерде жағдайды толық зерттеп алған дұрыс. Бұған Еуразиялық топтың Қазақстанда жасағаны жақсы мысал бола алады. Олардың хром кені мен ферроқұйма шығарғанын білеміз. Бірақ компания ферроқұйма дивизонын арттыру және хром кенін қайта өңдеу туралы дұрыс шешім қабылдады. Яғни бүгінгі күні компания хромды кен түрінде экспорттамайды, оны тек ферроқұйма түрінде экспорттап отыр. Ал бұл қайта өңделген тауар немесе қосалқы құн салынған тауар болып отыр. Ал бұдан әрі келесі қайта өңдеуге көшу керек пе, жоқ па деген сұрақ тұруы керек. Бұл жерде оның  экономикалық жағынан тиімділігі  немесе осы деңгейде  тоқтау керектігін қарастыру қажет.

– Таяу жылдары әлемдегі қандай металдарға сұраныс пен баға өсуі мүмкін? Металдардың тиісті көлемін түрлендіре алатындай жаңа шикізат жобасы көп пе? Ескі жобалар өзінің шығынын қаншалықты қысқарта алады?

– Мен – сарапшы емеспін, мен – трейдермін. Баға жөнінде қандай да бір болжам жасай алмаймын. Металдарға деген сұраныс пен бағаға көптеген фактор, әлемдік экономиканың, Қытай мен Үндістанның беталысы әсер етеді. Кез келген металды тұтынуды алып қарайық. Тот баспайтын темірді тұтынуды адам басына шағып қарайтын болсақ, онда оны Қытайда емес, Еуропада көп тұтынатынын көреміз. Ал Қытайға Еуропаны емес, жалпы әлемдік көрсеткішті қуып жету үшін үлкен қарқынмен даму керек болады.

Мен мысты сұранысқа ие болатын металл дер едім. Себебі қазір көптеген инфрақұрылымдық жобаларға мыс қолданылатынын көріп отырмыз.

–  Жеке тұтынудан басқа тауарлық және қоймадағы қор сияқты құбылыстар да бағаға әсер етеді. Нарыққа трейдингтің немесе қоймадағы қоры үлкен басқа компаниялар әсер ететін кездер болады. Қазіргі уақытта бұл қаншалықты дамыған?

– Бұл жерде Қытай, ондағы жаңа жылға дейінгі және одан кейінгі кезең маңызды рөл атқарады. Сіздің айтып отырғаныңыз сияқты жағдайлар болады. Үлкен трейдерлер қойма ұстамайды. Бұл – өте қауіпті. Көптеген компанияның дұрыс позиция ұстанбағаннан банкрот болғанын білеміз. Егер трейдер мұндай позицияны ұстанатын болса, онда ол upside-тің бар екенін және бұл позицияның 100% сақтандырылғанына сенімді болу керек.

 –  Қандай пайдалы қазба мен металл тәуекел аймағына кіреді, яғни таяу арада сұраныс пен бағасы түсіп кетуі мүмкін?

– Мен қандай металл тобының тәуекел аумағында тұрғанын білмейді екенмін. Егер көмірді айтар болсақ, онда Еуропада көмірсутектердің шығарылуына шектеу бар екенін айта аламын. Яғни мемлекет шығарылымға шектеу қояды, ал бұл оны тұтынудың азаюына әкеледі. Бір жағынан мұның орнына қолданылатын балама – жаңартылатын энергия. Еуропада компаниялар газдандырумен айналысады. Ал бұл қымбат тұрады, сондықтан мұндай беталыстар көмірге деген сұранысты азайтады. Бірақ Азияның бар екенін естен шығармаған дұрыс. Қытайқоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару туралы қанша айтса да, жылына бес млрд тонна көмір жағады. Еуропада сұраныс азайғанмен, Қиыр Шығыста сұраныс артып келеді.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу