"Қазақмыс" жарақатсыз өндіріс деңгейіне жақын

3947

Биыл корпорация өндірістегі жазатайым оқиғалардың жалпы санын 5%-ға қысқартпақ.

"Қазақмыс" жарақатсыз өндіріс деңгейіне жақын

2018 жылдың I тоқсанында "Қазақмыс" тобына қарасты 43 кәсіпорынның 93%-ы жарақаттанудың нөлдік көрсеткішіне қол жеткізді. Бұл туралы мыс корпорациясының өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын алуға қатысты шаралардың сараптамалық шолуында айтылған. 2018 жылдың I тоқсанында "Қазақмыстың" өндірістік нысандарындағы жазатайым оқиғалар саны 17%-ға төмендеген. 2017 жылдың осындай кезеңінде тіркелген алты оқиғамен салыстырғанда осы уақыт ішінде бес зардап шегуші тіркелген.

Осы жылдың басында "Қазақмыс" тобы мен оның мердігерлік ұйымдарындағы жазатайым оқиғалар негізінен стандартты емес және қауіптілігі жоғары бір реттік жұмыстарды атқару кезінде болған. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, жұмыс орнында және кәсіпорын аумағында жүріп-тұрғанда жарақат алған жағдайлар тіркелген. Дәл осындай қарқынды жағдайларда жекелеген қызметкерлер қырағылық жоғалтып, операциялардың болжамы аз болғандықтан қателіктер жібереді. Салдарынан жұмыскер бірдеңені ұмытып кетіп, жарақат алған жағдайлар болды. Ал, шын мәнісінде, жарақат алған барлық адамдар арнайы оқытылып, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша қажетті нұсқаулықпен таныстырылған.

"Жарақат алған барлық жұмыскерлер жүйелі түрде арнайы оқу оқып, нұсқаулықпен танысып, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімдері тексерілген. Оларда осыған сай куәлік те бар. Алайда жұмыскерлердің еңбек міндеттерін атқаруда білімі мен өндірістегі қауіпсіз жұмыс дағдыларындағы олқылық қателік жасауға және жазатайым оқиғаларға әкеп соқты", – деп нақтылады "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті директоры Дархан Жәңгіров.

Барлығын қамтитын оқу
Еңбекті қорғау мәселесі "Қазақмыс" корпорациясы басшылығының үнемі назарында. Корпорация жұмыскерлердің бәрін өндірістік, өрт, электр қауіпсіздігі талаптарына оқытуға айтарлықтай қаражат бөледі.

Жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау туралы компанияның негізгі қағидалары басымдыққа ие екенін ескере отырып, сонымен қатар компания қызметкерлеріне арналған саясатқа сәйкес авария мен төтенше жағдайларды жою жоспарына қатысты тренингтер үнемі өтіп тұрады.

Өндірістік қауіпсіздікке оқыту негізінен "Қазақмыс" компаниясының өзінің базасына кіретін Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы технологиялық колледждерде өтеді. Сонымен қатар Жезқазған және Қарағанды қаласындағы білім беру ұйымдары тартылады.

Биылғы жылдың алғашқы үш айында "Қазақмыс" компаниясы 9162 жұмыскерді қауіпсіз еңбек әдісіне оқытуға 25,5 млн теңге жұмсаған. Өндірістік қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, еңбек медицинасы және азаматтық қорғаныс тақырыбы сұранысқа ие оқыту курстары.

Жарақаттануды төмендету жоспары
"Жазатайым жағдайлар мен кәсіби ауру санын азайту үшін, біз, "Қазақмыс" корпорациясында өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында 2018-2020 жылдарға арналған орташа мерзімді кешенді жоспар мен қауіпсіздікті басқаруға арнайы әзірленген жүйені іске асырамыз. Пысықтауды және жетілдіруді қажет ететін жерлерден дабыл келіп жету үшін кері байланыс ретінде әрбір кәсіпорын рейтингтік бағалауға ие болады", – деп қорытындылады Дархан Жәңгіров.

Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару мен ұйымдастыру бойынша көп жылдық тәжірибемен жинақталған әдіс пен технологиялар жарақаттануды азайтуға қатысты мақсатты бағдарламалық құжатқа негіз болды. Бұл оқиғаның алдын алуға, жазатайым жағдай мен кәсіби аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның арқасында қазір қызметтің барлық бағыты бойынша жұмысты ұйымдастыруға күш салу мен біріктіру бойынша шаралар қабылдануда. Ең бастысы, кешенді жоспар басқару процесіне жұмыскерлерді, желілік басшыларды және мамандарды белсенді тарту арқылы корпорацияның өндірістік алаңдарын толығымен қамтиды.

"Қазақмыс" топтарының 2018-2020 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы орташа мерзімді кешенді жоспарын іске асыру – 2018 жылы жалпы жарақаттануды 2017 жылмен салыстырғанда бес пайызға төмендетуді қарастырады. Кешенді жоспар жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыруға және ӨҚжЕҚ-ті ұйымдастыру мен басқаруды сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осылайша біз жұмыскерлердің жазатайым жағдайға әкеліп соғатын қауіпті әрекетінің алдын аламыз. 2020 жылға дейін жалпы жарақаттану мен кәсіби ауру деңгейін 15 пайызға төмендету жоспарланып отыр", – деп болжам жасады "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті директоры.

2018 жылдың алғашқы үш айында мыс корпорациясының кәсіпорындарында кешенді жоспардың 305 шарасы орындалды. Бұл жоспарланған шараның 98,7%-ын құрайды. Кешенді жоспардың технологиялық қауіпсіздік, өндірістік тәуекелді басқару жүйесі, коммуникация және ақпарттық қолдау, ұзақ қолданыстағы ауытқуларды жою, технологиялық жабдықты жаңарту, ғимараттар мен имараттардың сенімділігі мен техникалық жағдайын, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс, табиғи сипаттағы ТЖ, қызметкердің денсаулығын қорғау сияқты тоғыз бағыт бойынша шаралар 100%-ға орындалды, деп атап кетті Дархан Жәңгіров abctv.kz-ке берген түсініктемеде.

Өмірді сақтау үшін қайта жарақтану
Осы жылдың алғашқы төрт айында "Қазақмыс" компаниясы технологиялық жабдықты жаңартуға 6 млрд теңгеге жуық ақша жұмсаған. Мұндай шаралар кешенді жоспардың машиналар мен механизмдерін жаңғыртуға қатысты бағытында көрсетілген. Ескіріп, мерзімі біткен жабдықтың орнына заманауи және қауіпсіз жабдық пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге 2018 жылдың басынан бері корпорация жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуге 300 млн теңге, сондай-ақ өндірістік ғимараттар мен технологиялық имарттардың жағдайын жақсартуға 285 млн теңге бөлген. Осы уақыт ішінде компания қызметкерлердің денсаулығын қорғауға 72 млн теңге бөлген, ал өндірістік қауіпсіздіктің ережесі мен нормативтік талаптарынан ұзақ уақыт бойы ауытқуды жоюға 60 млн теңге жұмсаған. Сонымен қатар шамамен 16 млн теңге су тасқындарының алдын алу мен азаматтық қорғаныс және ТЖ-ны жою шараларына кеткен.

"Келешекте жарақат жағдайларының қайталануын болдырмау үшін "Қазақмыс" компаниясы тексеру парақтары мен қауіпсіздік талондарын пайдалануды, арнайы бұғаттау мен цифрлық технологиялар, барлық өндірістік панельдерді телефонмен жабдықтауды міндетті түрде енгізіп жатыр. Сонымен қатар жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен еңбегін қорғау бойынша нұсқаулық жұмыста жіберілген қателіктерден келетін қауіп тақырыптық видеоларды көрсету арқылы мықтап жүргізілуде. Еңбек жағдайын жақсарту үшін қолдануға ыңғайлы және тиімді бірыңғай ақпараттық жүйе жасалып жатыр. Ол әр жұмыс орнының қауіпсіздік жағдайын сараптауға, өндіріс ерекшелігіне сәйкес қауіпсіз өндірістік жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық басқару деңгейінде түзету шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді", – деп атап кетті Дархан Жәңгіров abctv.kz.-пен болған әңгімеде.

Оның айтуынша, "Қазақмыс" кеніштерін цифрландыру мен олардың ақпараттық бірігуі жарақаттануды азайтуда ең тиімді құрал болмақ. Мысалы, Нұрқазған цифрлық кенішінде корпорация мамандары көп функциялы қауіпсіздік жүйесін енгізді. Жер бетіне радио сәулелендіретін кабель жіберілді де шахтада рация қолдану мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар жер асты нысанында бас киімдердегі шамдардағы немесе өздігінен жүретін жабдықтардағы датчиктер есебінен жұмыскер мен техниканы терең позициялау жүйесін орнату көзделуде. Осы арқылы диспетчерлер кеніштегі объектілердің қозағалысын бақылай алады және авария жолған жағдайда қызметкерге қауіп туралы хабар бере алады.

Тура осындай жүйені Жомарт кенішінде іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар өздігінен жүретін техника маневр жасауды жеңілдету мен көлік пен адамның соқтығысуын болдырмау үшін жабдықтарға байланыссыз датчик жүйесі орнатылатын болады.

Сонымен қатар аталған жүйе дауыстық радио байланысты, авария туралы хабарлауды, авария кезінде адамдарды іздеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорындардың диспетрчерлік қызметі кеніштегі объектілердің қозғалысын бақылап, авария болған жағдайда қызметкерге қауіпсіздік туралы хабар бере алады.

Жеке қорғанысқа кепіл
"Қазақмыс" жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі. "Ютария ltd" компаниясымен бірлесе отырып, корпорацияда "Бірыңғай кешенді қызмет" атты инновациялық модельді енгізген. Мұндай аутсорсинг жоспарлауға, қамтамасыз етуге, есепке алуға, жеке қорғаныстың алдыңғы қатарлы құралдарын утилизациялау мен беруге көмектеседі.

Мұндай кешенді қызмет жеке қорғаныс құралдарын дербестендірілген есепке алуға кепіл береді. Осылайша жуу мен тазалау және жөндеу бойынша шараларды бақылау, есепке алу, жоспарлаудың толық циклы сақталады. Бұл жеке қорғау құралдарын беру кестесін сақтауға және олармен жұмыскерлерді жүз пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Алдағы уақытта жыл сайын көрме, таныстыру, жеке қорғану құралдарын өндірушілерді тарту арқылы семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы арқылы түпкілікті тұтынушы, жұмыскерлер өздерін толғандырған сұрақты қойып, өндіріс жұмысымен танысып, бізді өндірістік зиянды және қауіпті факторлардан қорғайтын құралдарды өндірушілердің еңбегін бағалай алады", – деді Дархан Жәңгіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу