​Ұлттық қор рекордтық шығынды тіркеді

Сара Бухина Сара Бухина
3070

Былтырғы жылғы тәжірибе II тоқсанда 7,2% мөлшерінде болған теңге девальвациясы жыртыққа жамау бола алатынын көрсетіп отыр.

​Ұлттық қор рекордтық шығынды тіркеді

Ұлттық қор биылғы жылдың I тоқсанында 785,4 млрд теңге немесе 2,3 млрд доллар мөлшерінде рекордтық шығынға ұшыраған. Бұл туралы қаржы министрлігі өзінің қордың жұмысы туралы ай сайынғы есебінде нақты мәлім етті. 

Ұлттық банк былтыр да Ұлттық қорға 784,2 млрд теңге "шығын" әкелген, бірақ ол кезде оны активтер ұсынылған қордың базалық валютасы – долларға қатысты теңгенің нығаюы деп түсіндірген болатын. Нақты көрсеткіште инвесткіріс өткен жылдың I тоқсанында 1,1 млрд доллар,  I жартыжылдығында 2,4 млрд доллар болған.

Бір жыл бұрын реттеуші:"Қаржы министрлігінің есебінде көрсетілген 784 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық шығыны 2017 жылдың I тоқсанында қордың валюталық активтерін теңгеде бағалау нәтижесінде іске аспай қалған шығыны болып табылады. Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамының 333,29 теңгеден 314,79 теңгеге дейін нығаюы  қордың есептік кезеңде теңгеде  көрсетілген валюталық активтері құнының өзгеруінен, жиынтық кірісті есептеуде кері бағамдық айырмашылықтың туындауына себеп болды", – деп түсіндірген болатын.

Биылғы жылдың шығыны да I тоқсанда пайда болған, яғни бұл да есептік кезеңнің соңына қарай теңгенің нығаюына байланысты болуы мүмкін. Еске салар болсақ, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы осы кезеңде 4,2%-ға, 318,31 теңгеге дейін нығайған. Реттеуші түсініктеме бермегеніне қарағанда, былтырғы жылы болған жағдай қайталанып отыр ма деген ой туындайды.

Былтырғы жылы орын алған жағдайды ескеретін болсақ, шығынды теңге девальвациясы орнына келтіруі мүмкін. Негізінен, 2017 жылдың тамызында теңгенің долларға қатысты бағамы 334,7 теңгеге дейін әлсіреген, бұл жылдың басындағыға қарағанда 0,5%-ға төмен. Бағаммен ойнау 784 млрд теңге шығынды 125 млрд теңге кіріске айналдыруға  мүмкіндік берді.

Биылғы жылдың II тоқсанында теңге 7,2%-ға, 341,08 теңгеге дейін бірден күрт түскен. Егер жақында орын алған жағдайды ескеретін болсақ, бұл I тоқсанның қорытындысы бойынша теңгенің нығаюын артығымен жаба алады, сондай-ақ биылғы жылдың басындағы доллар құнынан 2%-ға төмен.

Қазақстанның базалық валютадағы халықаралық жалпы резерві маусымда 1,4%-ға, яғни 1,2 млрд доллардан 88,7 млрд долларға дейін азайды. Активтер құрылымындағы негізгі төмендеуге алдын ала берілген мәлімет бойынша 1,8%-ға немесе 1,07 млрд доллардан  58,1 млрд долларға дейін азайған Ұлттық қордың активтері себеп болған.

Статистика бойынша төмендеу бюджет алдындағы міндетті орындауға байланысты орын алған. Салық түсімдері мен қордан алынған қаржы өткен айда тиісінше 97,9 млрд теңге және 370,2 млрд теңге болған. Нетто-негізде 272,3 млрд теңге (800 млн долларға жуық) ақшаның ойысуы орын алған.

Ұлттық банктің алтын валюталық резервтері 0,5%-ға немесе 158 млн, 30,5 млрд долларға дейін төмендеген. Олардың құрылымында алтынға салынған активтер айтарлықтай, яғни 3,16%-ға немесе 422 млн-ға, 12,9 млрд долларға дейін төмендеген. Бұл металдардың халықаралық бағасының төмендеуімен байланысты болған. Валюталық резервтер бюджетке 800 млн доллар траншты  айырбастағаннан кейін 1,5%-ға немесе 266 млн, 17,6 млрд долларға дейін өскен. Нетто-негіздегі валюталық интервенциялар мауысымда нөлге тең болған.

Жылдық көрсеткіште Ұлттық қордан алу шілде айының басында небәрі 10%-ға немесе 158 млрд теңге, 1,45 трлн теңгеге дейін төмендеген. Бұл ретте республикалық бюджетке трансферттерді орындау пайызы 50%-ды құраған. Мұнайдан түскен салық жарты жыл ішінде 31%-ға (+351,2 млрд теңге), 1,4 трлн теңгеге дейін артқан. Кірістер құрылымында негізгі пайда әкелуші  корпоративтік табыс салығы болған. Ол 2 есе немесе 273,4 млрд теңге, 570,3 млрд теңгеге дейін өскен.

Гүлназ Ермағанбетова, Сара Бухина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу