90 млрд теңгеге дейінгі тәуекелді қабылдамақшы

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2509

KazakhExport экспортты сақтандыруды жеңілдету үшін заңға түзету әзірлеп жатыр.

90 млрд теңгеге дейінгі тәуекелді қабылдамақшы

Әзірге Ресей мен Беларусь қана сыртқы нарықтағы өз өнімінің экспортын жақсы қолдап отыр. Ал Қазақстан болса бұл бағыттағы жұмысты енді ғана қолға алды. Біздің елде қандай бастамаларды әзірлеу ұсынылып жатқаны туралы "Kazakh Export" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Руслан Искаков abctv.kz-ке берген сұхбатында ашып айтты.

–  Экспорттық-несие агенттіктерінің жұмысын реттейтін заң жобасын сіздер әзірлейсіздер ме?

– Иә. Заң жобасын даярлағымыз келіп отыр. Оны  2018 жылы әзір қыламыз. Бірақ қазірдің өзінде заңға өзгерту енгізуді қолға алып жатырмыз. Бұл жерде әңгіме бюджеттік кодекс жайында болып отыр. Қазіргі бюджеттік кодексте экспортты-несие агенттіктерінің міндетін мемлекеттік кепілмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін норма жоқ. Мысалы Беларусь, Армения және Ресейде экспорттық-несие агенттіктерінің міндетін ақтайтын мемлекеттік кепіл бар, ал бізде мұндай құрал жоқ. Сонымен қатар бюджеттік кодекс мұндай кепілді тартуға мүмкіндік бермейді, сондықтан ең бірінші бюджеттік кодекске өзгерту енгізу керек.  

Екінші – кәсіпкерлік кодекс. Оған да толықтырулар енгізу қажет. Осыдан кейін ғана өз заң жобамызды әзірлеумен айналысатын боламыз. Біздің жұмысымызды тікелей реттейтін заңды 2018 жылы әзірлейміз.

 –  Бұл толықтыруларды қашан ұсынасыздар?

–  Бюджеттік кодекске енетін толықтырулар күзгі сессияда қаралатын болады, яғни бюджеттік кодекске өзгертулер осы жылы енеді деп үміттенеміз. Әрине бұл біздің қолымызға байлау болмай, жеке заң жобасын әзірлеуімізге мүмкіндік жасайтыны анық. Қазір әріптестермізбен тығыз қарым-қатынас жасап, олардың тәжірибесімен танысып жатырмыз.

 –  Жыл соңына дейінгі келісімшарт бойынша қандай болжам бар?

– Келісімшарттарды сақтандыру бойынша айтар болсақ, онда бүгінгі күні 300 млн доллардан астам соманың экспорттық келісімшартына қолдау көрсеттік. Негізі жоспарымыз ауқымды, қабылданған міндеттерге қатысты қоржын көлемі биыл 22 млрд теңгеден асады. Осы жылы 90 млрд теңгеге дейінгі тәуекелді қабылдай аламыз деп жоспарлап отырмыз.  Сол себепті экспорттаушылармен жұмыс жасап жатырмыз.

–  Сіздер оны теңгемен есептеп отырсыздар ма әлде...

–  Барлық есепті теңгемен жасаймыз. Өйткені ұлттық реттеушінің қарамығындамыз. Әрине ортақ бөлгішке келтіру үшін қандай да бір әмбебап валютаны қолданамыз.

– Яғни әр елге экспорт жасауда келісімшарт жасалған валютада сақтандырасыздар ғой?

–  Иә, келісімшарт жасалғанда валюта ескеріледі. Ал біздің сақтандыратын қаупіміз, сөзсіз,  келісімшартта көрсетілген валютада жасалады. Бірақ та өзіміздің бухгалтерлік есепте міндеттерімізді қайта бағалаудан өткізіп, Ұлттық банктің теңге бағамына келтіреміз.

 300  млн доллар – бұл қай кезеңге жасалып отыр?

–  Жыл басынан бері жалпы сомасы 300 млн доллардан астам экспорттық келісімшартқа қолдау көрсеттік.

–  Экспорттық келісімшарттарды сақтандырудың ең аз мерзімі қандай?

– Сақтандыру бойынша шектеу жоқ. Бұл жерде барлығы экспорттық келісімшарттың құрылымына байланысты болады. Экспорталды қаржыландыру бір жылға дейін, өйткені оның кезеңі осындай мүмкіндік беріп отыр. Бірақ та мысалы біз қазақстандық өнімді сатып алатындарға экспорттық қаржыландыру ұсынғанда, мерзімі бес, жеті, тіпті он жылға дейін кетуі мүмкін.

–  Бұл қандай өнім, мысалы?

– Мысалы локомотив. Оларды қаржыландыру мерзімі 10 жыл, сондықтан  келісімді де 10 жылға жасадық. Машина жасау өнімі бойынша үш жыл талап етіледі.

–  Бұл Әзербайжанға шығарылатын экспорт па?

 –  Иә, "Локомотив құрастыру зауыты": 10 локомотивті экспортқа шығарады, келісімшарт сомасы 50 млн доллар.

–  Сіздердің келісімшарттарыңызда қай ел басым?

–  Экспорттың үлкен бөлігі ЕАЭО елдеріне кетеді.

–  Ал Қытай қашалықты қызықтырады?

–  Қытай, әрине, қызықтырады.

– Оның үлесі және ондағы динамика қандай?

 –  Үлес бойынша қазір ештеңе айта алмаймын.

–  Қазір бізде ҚХР-ға ауыл шаруашылығы мен өңделген өнімінің экспортын өсіру мәселесі талқыланып жатыр...

– Әзірге Қытайға шығарылып жатқан экспорттың едәуір бөлігі шикізаттық сипатқа ие, ал біз мандат бойынша шикізат емес, экспортты қолдаймыз. Әрине бұл жерде өте көп кедергі бар, яғни Қытайда өнімді әкелу бойынша тарифтік емес кедергілер көп. Оның ішінде ауылшаруашылығы министрлігі етті экспорттауға қатысты кедергілерді жоюмен ұзақ уақыт күресіп келеді. Өйткені Қытайға өз өніміңді экспорттау өте қиын. Әсіресе азық-түлік өнімін экспорттау қиын. Бүгінгі күні Қытайдағы ең үлкен кедергі – бұл фитосанитарлық талап. Яғни ол жақта қаржыландыруды ұйымдастырудан гөрі, саудаға қатысы жоқ кедергілерді жеңу басты мәселе болып отыр.

–  Бұрын бастан өткен тәжірибеден туындайтын бір сұрақ бар. Егер компания немесе оның филиалы шетелде болып, ал оның иесі қазақстандық болса және ол қазақстандық өнімді мысалы Ресейге тасымалдайды делік. Кезінде Kaznex Invest өнімі  экспортты мемлекеттік қолдауға лайық болса да, мұндай компанияларға қолдау көрсетпейтін. Ал сіздер бұл мәселеге қалай қарайсыздар? Сіздер Қазақстанның тек заңды тұлғаларының экспортын қолдайсыздар ма?

– Менің білуімше, Kazakh Invest резиденттік еместерге субсидия бермейді. Біз шетелдік контрагенттер тарапынан  жасалатын төлем бойынша сақтандыру жасаймыз. Егер қазақстандық өнімді сатып алушы сауда үйі болса, онда біздің қазақстандық кәсіпорынның еншілес құрылымы бар ғой, мұндай келісімшартты сақтандырудың  еш пайдасы жоқ. Бірақ нақты мехнизмдер бар. Сол үшін келісім жасаймыз. Мысалы біздің Ресейде жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорын сауда үйі немесе біздің тауарлардың дистрибьюторы болса, онда оларға келісімшартты Ресейде сақтандыру керек. 

Сонымен қатар ұлттық заңнама бойынша сақтандыру полисін ресейлік сақтандырушы шығаруы тиіс.  Бұл қолдауды бірлесіп  жасау үшін қазір келісімге қол қойып жатырмыз. 

 – Бұған капитал жеткілікті ме? Тіпті Беларусьпен салыстыратын болсақ,  ол соншалықты көп емес қой...

– Иә, айтарлықтай емес, 41,2 млрд теңгеге ғана. Өткен жылы сұралған сома осындай ғана болған. Бұл 123-125 млн доллар болады. Қазір осы бағытқа жұмыс жасап жатырмыз. Бірінші міндет – кепіл алу. Одан әрі капиталды арттыруға жұмыс жасаймыз. Дивидент саясаты бойынша 30% дивидент төлейміз және капиталға айналдыра аламыз.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу