Apple Siri қолданушыларының әңгімесін тыңдауды тоқтатты

19625

Apple компаниясы Siri дыбыстық көмекшісінің сапасын бақылайтын бағдарламаның жұмысын шектеді. 

Apple Siri қолданушыларының әңгімесін тыңдауды тоқтатты

Бұған дейін IT компания осы бағдарлама арқылы қолданушылардың әңгімесін тыңдап келген болатын. 

Купертинолықтардың айтуынша, деректер Siri қызметінің сапасын арттырып, тұтынушылардың не айтып жатқанын жақсырақ түсіну үшін өңделіп келген. 

Компания қызметкерлері Apple өнімін қолданатындардың іскерлік келісімі, олардың жеке өмірі және денсаулықтарына қатысты құпия ақпаратты естіп қалып жүрген. Дегенмен Apple бұл жайт жайында тұтынушылар ақпаратының құпиялығы туралы құжатқа ештеңе жазбаған. Siri-де жазылған файлдардың біраз бөлігі компанияның әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан жалдамалы фирмаларына жіберілген. 
Енді iOS гаджеттерінің иелері Siri-ге шектеу қойып, дыбыстық деректерді сапа бақылауына жіберуге тыйым сала алады. 

The Bell басылымының жазуынша, Яндекс те "Алиса" деп аталатын дыбыстық көмекшісі арқылы деректер жинайтынын жариялады. Дегенмен компания өкілдері мамандар қолданушылардың аты-жөнін көрмейтінін алға тартты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу