Банктер кредитін кешіктіріп төлегендерге өсімпұл салмайды

29144

Жеке тұлғаларға теріс несие тарихын дұрыстауға мүмкіндік беріледі.  

Банктер кредитін кешіктіріп төлегендерге өсімпұл салмайды

Тұтыну несиесін рәсімдеп, оны өтеу мерзімін 90 күннен асырып алған жеке тұлғаларға банк тарапынан комиссия есептеуге тыйым салынады. 

Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. 

"Еліміздегі төтенше жағдай кезінде және одан кейінгі уақытта кепілсіз тұтыну несиесін рәсімдеген жеке тұлғалардың 90 күннен асқан борышына екінші деңгейлі банктер комиссия есептемейді. Бұған заң бойынша тыйым салынады", – деді агенттік төрағасы.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жеке тұлғалардың несие тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік беріледі. 

"Қарыз алушы теріс несие тарихын дұрыстау үшін 12 айда мерзімі өтіп кеткен несиесінің 50%-дан астамын өтесе және банк алдындағы міндеттемесін орындауын ары қарай жалғастырса, несие тарихы дұрысталады", – деді агенттік төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу