Білім сегрегациясы Қазақстанға қандай қауіп төндіруі мүмкін?

5378

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы.  

Білім сегрегациясы Қазақстанға қандай қауіп төндіруі мүмкін?

Qmonitor.kz: Аталмыш басылым "Қатардағы мектептер мен Назарбаев зияткерлік мектебі: білім сегрегациясы Қазақстанға қандай қауіп төндіруі мүмкін?" деген сауалға жауап іздеген екен. Мақала авторы қоғамда білім ордалары қатардағы мектептер және Назарбаев зияткерлік мектептері болып бөлініп, жағдай күрделі болып отыр дегенді айтады. Өйткені біріншісінде бар балалардың бір-екі пайызы білім алады және оған мемлекеттің қыруар қаражаты жұмсалады. Ал қатардағы мектептерде орын аз болғандықтан, балалар екі-үшін ауысыммен оқиды, олардың дәретханалары далада, спортзалдары жоқ, айлығы аз ұстаздар дәріс береді. Осы арқылы әлеуметтік теңсіздік туып отырған жоқ па? 

Көтеріліп отырған мәселеге байланысты сарапшылар пікір білдірген. Олардың көбі қалыптасып отырған жағдайды қолдап отырған жоқ. Біріншілері білім саласының мамандары бұл мәселені ойластыруы керек десе, екіншілері элиталық білім ақылы болу керек деген ойда.

"Жекеменшік білім ордаларының пайда болуы арқылы білім қызметінің нарықтық дифференция болғаны дұрыс әрі орынды, әрине. Ал мемлекеттік деңгейде зияткерлік сегрегация, әсіресе бұл бастауыш мектептерде орын алып жатса, өте қауіпті әрі тиімсіз. Себебі бұл субъективті қателіктерге жол береді, оның ұлт үшін зияны көп. Өйткені көптеген "дарынды" бала ескерілмей қалуы ықтимал. Сол себептен элиталық білім беру орталықтарын сақтай отырып жалпы білім беретін мектептердің деңгейін көтеру керек",–дейді Aspandau қорының жетекшісі Қанат Нұров.

Caravan.kz: "Неге Наталья Аринбасарова Ұлы Отан соғысының кейіпкерін сомдағаны үшін мемлекеттік сыйлық ала алмады" деп жазады бұл газет. Басылымның хабарлауынша, осыдан 50 жыл бұрын Мәскеуде "Песнь о Маншук" атты фильмнің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл фильмді режиссер Мәжит Бегалин дүниеге әкелген, ал фильмге сценарийді Андрей Кончаловский жазған, сол кезде ол Мәншүктің рөлін ойнаған Наталья Аринбасарованың зайыбы болатын. 

Мақалада автор фильмнің дүниеге келуі туралы естеліктерімен бөлісіп, Наталья Аринбасарованың пікірін ортаға салған. Наталья Аринбасарова өнер жолының оңай болмағанын баяндаған. Қазақстанды көп жыл бойы басқарып келген Дінмұхамед Қонаевтың жұмысына қалай ықпал еткенін айтып берген.

"Мен "Вкус хлеба" фильмі үшін мемлекеттік сыйлық алып жатқанымда, осы сыйлықты ұсыну жөніндегі комитеттен маған бір топ әйел келіп: "Осы жолы мемлекеттік сыйлық алғаңызға қуаныштымыз", – деді. Мен аң-таң болып: "Неге осы жолы", – деп сұрадым. Сөйтсем олар: "Біз сізді "Песнь о Маншук" фильмі үшін ұсынған болатынбыз, бірақ қазақтар құжаттарын жібермеді. Ол "Қазақфильм" киносы ғой", – деп жауап қайтарған.

Express-k.kz: Газеттің кезекті мақаласы "Пассионарилер айраны" деп аталады. Бұл мақаланы автор қазақ қоғамын алға жылжыта алатын тұлғаларға арнаған. Мұндай тұлғалар тек тамақ қамымен жүрмейді, олар жан-жақты дамып, ізденіп жүреді. 

Мақала авторы Гүлсім Күнелекованы адамдардың өзіне көп нәрсе алатыны толғандырады: көп жейді, ішеді, киеді, бояйды... Оның пікірінше біздің үйлерімізде керек емес зат көп, тоңазытқышта артық тамақ көп. Алып қарасақ, адам баласына көп тамақ керек емес. Алайда адамдардың толып кету мәселесі әлем бойынша өзекті мәселеге айналып отыр. Автордың пікірінше, әр нәрседе шектеу болу керек.

"Өздеріңіз ойлап қараңызшы, біздің ата-әжелеріміз кеңестік бөтелкедегі айран мен қара нанды жеп-ақ бақытты болды ғой. Олар бәріне риза болатын. Біздің интеллигенция қалай өмір сүрді? Оларға көп нәрсе керек пе еді? Кейде осы нәпсі қалауынан тыйылып, ой әлеміне бет бұру керек. Адамдарға жол беріп, кетіп бара жатқан адамға күлімсіреп қарап, қарттарға қол созып, жарты сағат уақытты баланың әңгімесін тыңдауға жұмсау керек", – дейді автор.

Оның айтуынша, жуырда ол Жәния Әубәкірованың Нағашыбай Шәйкеновтың жесірі Лидия Шәйкеновамен болған сұхбатын тыңдаған. Лидия Шәйкенова Нағашыбай Шәйкенов қандай тұлға болғанын баяндап берген. Ол шығармашылыққа бейім, жан-жақты дамыған адам болған. "Ондай адамдарды пассионар деп атайды" деп жазады мақала авторы.

Time.kz: Қақаған аязда далада қалып қойған Батырға әжесі қарайтын болды, деп хабарлайды аталмыш басылым.  

Кішкентай Батыр ауруханадан шыққан. Оны туған анасы аялдамада тастап кеткен соң ол ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер балаға суық тигенін айтқан. Басылымның хабарлауынша қазір баланың денсаулығы жақсарған, оны алғашында балалар үйіне жіберу көзделген. Бірақ Батыр нәтижесінде туған әжесіне кеткен.

"Әжесінің тұрып жатқан жағдайын зерттеп, полиция мамандары бұл әйелдің баланы алуға жағдайы келеді деп шешкен. Сол себептен тергеушінің қаулысымен әжесі баланың заңды өкіліне айналған",– деп жазады аталмыш газет.

Батырдың туған ағасын сәби кезінен асырап келе жатқан әжесі алғашында Батырдан бас тартқан, соңынан ол өз райынан қайтқан, сөйтіп неремесін қолына алған.

Естеріңізге сала кетсек, бір жасар Батырдың анасы оны суық күні жылы киіндірмей аялдамаға тастап кеткен. Қазіргі кезде Батырдың анасына қатысты тергеуалды шаралары жүріп жатыр.

Гүлмира Қамзиева


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу