Биыл Ұлттық банк банктерге 30 млрд теңге тарту етпек

Камила Абдиева Камила Абдиева
2571

Банктердің қаржы секторын сауықтыруға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысудан түскен пайызсыз таза кірісі 15 жылда 460 млрд теңгеден астам қаржыны құрауы мүмкін.

Биыл Ұлттық банк банктерге 30 млрд теңге тарту етпек

2017 жылдың IV тоқсанында қаржы секторын сауықтыру жөніндегі бағдарламаға қатысушы банктер жылдық 4%-дық мөлшерлеме бойынша реттелетін облигацияларды Ұлттық банкке сатылымнан түскен қаражатты 8,72%-бен реттеушінің жылдық ноталарына инвестициялады. Аbctv.kz-ке бұл туралы қаржылық реттеушінің нарыққа жасаған тоқсандық шолуынан мәлім болды.

"Тоқсан барысында (2017 жылдың IV тоқсаны) банктер үшін қаржылық сауықтыру бағдарламасының аясында жалпы сомасы 620 млрд теңгеге жылдық ноталар орналастырылды. Аталған ноталар бойынша кірістілік деңгейі 8,72%-ды құрады", – делінген құжатта.

Қаржылық реттеуші сатып алған банктердің реттелген облигациялар шығарылымындағы купон мөлшерлемесі жылына 4% құрады. Ал банктер мен реттеушілер арасындағы екі жақты борыштық міндеттемелер бойынша төлемдердің мерзімділігі жылына бір реттік болды.

Ұлттық банктің мемлекеттік бағдарлама қатысушыларының капиталына құятын қаржылық ағынын реттеушінің өзі 620 млрд теңгеге бағалап отыр. Тиісінше, бағдарламаға қатысатын банктердің таза пайыздық кірісі ағымдағы жылы 29,26 млрд теңгені құрайтынын есептеу қиын емес. Алайда, бұл барлық сома болмауы да мүмкін.

2018 жылғы ақпанның ортасында Bank RBK капиталдандыру шарасын аяқтады. Банкке көрсетілген мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы 243,7 млрд теңгені құрады. Бұдан көп болуы да мүмкін, әрине. Ал өкінішке қарай, 2017 жылдың жазында реттеушіден бөлінген 150 млрд теңгеге көлеміндегі жеделдете ұсынылған несиенің тағдыры әлі беймәлім.

Осылайша, банктерді қолдауға бөлінген жалпы сома шамамен 654 млрд теңгені құрамақ. Бұл таза пайыздық кіріс 30,9 млрд теңгені құрауы мүмкін деген сөз.

Реттелген облигациялардың айналымдағы мерзімі 15 жылды құрайды. Демек, аталған схема банктерге тұрақты түрде 460 млрд теңгеден астам пайда әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, бағдарламада банктерге бөлінетін өтімділікті босату мүмкіндігі де қарастырылған.

"Банктер бөлінген өтімділіктің жылына бір рет кемінде үштен бірін босата алады. Яғни, бұл қаражатты ноттарда сақтауға міндетті емес. Олардың таңдау құқығы бар: қаражатты ноттарға қайта инвестициялайды немесе аталған қаражатқа несие рәсімдейді. Бүгінде аталған бағалы қағаздарды сату бойынша шектеулер бар. Біз белгілі бір мерзімге оларды қайта қаржыландыруға дайынбыз. Алайда біртіндеп бұл қаражат жылына бір рет босатылатын болады", – деп мәлімдеген еді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Бұған дейін жазғанымыздай, аталған шығындарды қаржыландыру баспа станогы арқылы жүзеге асырылады. Ал бағдарлама пулына бес ойыншы ілігіп отыр: АТФ Банк (150 млрд теңге бөлінді), Еуразия банкі (150 млрд теңге), "Цеснабанк" (100 млрд теңге), "ЦентрКредит" банкі (60 млрд теңге) және Bank RBK (243,7 млрд теңге). Бағдарламаға басқа да ойыншылар қатысқысы келген. Мәселен, "Нұрбанк" пен Qazaq banki де бағдарламаға қатысуды көздеген еді. Алайда, олар түрлі себептерге байланысты тыс қалды.    

Камила Әбдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу