Биыл "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" несиелеу мөлшерін сақтайды

Дина Ермаганбетова Дина Ермаганбетова
3769

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" осы жылдың алғашқы 6 айында 75 млрд теңгеге несие беруді жоспарлап отыр.

Биыл "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" несиелеу мөлшерін сақтайды

"2017 жылдың алғашқы 6 айында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жалдамалы және несиелік баспана бағытында 100 шаршы метр баспана беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге несиелік баспана құрылысын 5,7 млрд теңгеге қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың құнды қағаздары сатып алынады. Субсидияланатын ипотекалық тұрғын үй несиесі 10 млрд теңге болады, құрылыс салушылар 15,7 млрд теңгеге субсидияланады. Тұрғын үй құрылысына қолдау көрсетуде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 75 млрд 168 млн теңгеге несие береді, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтарын жасауға 110 мың жаңа келісімшарт жасалған", – деді "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарамасының төрағасы Ерболат Досаев инвестиция және даму министрлігі алқасында алғашқы жарты жылдық жоспарын баяндай келе.

Ол "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 2016 жылы 148 млрд теңгеге несие бергенін, бұл елдегі барлық банктің берген несиесінің 2/3 құрайтынын айтты.

ТҮҚЖБ сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, 2016 жылы 24691 несие берілген. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 292116 жаңа келісімшарт жасалған (бұл 2017 жылға болжанған көрсеткіштен 2,5 есе аз). Жаңа келісімшарт бойынша келісілген сома 1,1 трлн теңгеден асады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инфляциялық шектеуге көшуге байланысты 316,7 мың салым бойынша 29,1 млрд теңге өтемақы төленді. Бұл шаралар халықтың түрғын үй құрылыс жинағы жүйесіне деген сенімін сақтап, 2016 жылы жаңа салымшылардың 35%-ға, 814 мыңға дейін немесе елдің экономикалық белсенді халқының 9,6%-ға өсуіне мүмкіндік туғызды", – деп Ерболат Досаев статистиканы айтып кетті.

2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы банктен жаңа несие алғандар мен берілген несиелер екі есе көп болған. Банк мәліметі бойынша, жүйе жұмыс істей бастаған кезден бастап және 2016 жылды қоса алғанда 2 трлн 998 млрд теңгеге 1175241 келісімшарт жасалған. Салымшылардың жинағы 407 млр теңге болып, 608 млрд теңге сомасына барлығы 128997 несие берілген. 2017 жылдың 1 қаңтарында банк активтері 621,6 млрд теңге болды. Қолданыстағы несие қоржыны 2016 жылы 17,8%-ға, 329,3 млр теңгеге дейін өскен. Несиенің орташа сомасы 2015 жылғы 5,7 млн теңгегемен салыстырғанда 6 млн теңгеге дейін өскен.

Дина Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу