Бизнес кедергілері жойылып, тексеру жүйеге келтіріледі

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
9734

Үкімет тағы "тексеру сараптамасын" дайындап, осының нәтижесінде кәсіпкерді үздіксіз тексеру мен рұқсат қазағдарынан құтқарамыз деп отыр.

Бизнес кедергілері жойылып, тексеру жүйеге келтіріледі

Кәсіпкердің мүддесі мен құқығын заң жүзінде қорғау мәселесін парламенттік тыңдау барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері "бизнес субъектілері жұмысына тексеру жүргізудегі тәртіпті сақтау, рұқсат беруші құжаттарды беру жөніндегі талаптарды сақтау, сонымен бірге мемлекеттік қолдауды сапалы және дер кезінде ұсынуға" үнемі тексерілетінін айтып өтті.

Бизнеске жасалатын қысым мен тексеруді азайту шаралары үнемі қолданылып жатқанына қарамастан, құқық бұзушылық әлі де тыйылар емес. Ұлттық экономика оларды бірнеше түрге бөліп отыр. Бұл – тексеруді белгілеу туралы актіні бермеу немесе уақтылы бермеу, тексеру жүргізудің мерзімін сақтамау, кәсіпкерге тексеру жүргізу және әкімшілік жауапкершілікке тарту хабарламасын беру тәртібін бұзу.

2016 жылы тек 4 мемлекеттік орган 2231 құқық бұзушылық жасаған. Оның 49%-ы тексеруді белгілеу туралы актіде тексерілетін талаптарды көрсетпеуге қатысты, 35%-ы тексеру қорытындысы туралы актіні дұрыс толтырмау, 7%-ы тексеруді белгілеу туралы актіні бермеу немесе уақтылы бермеуге қатысты болған. Министр мұның өзі оң нәтиже көрсетіп отыр дейді, себебі ең үлкен проблема – хабарлама бермей, тексеру жүргізуге қатысты құқық бұзушылық небәрі 7% болған.

Сондай-ақ рұқсат етуші құжаттарды беру жөніндегі мемлекеттік органдардың рұқсат ету құжаттарын негізсіз бермеу фактілері тіркелген. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауына сүйенсек, өткен жылы 10 реттеуші мемлекеттік органда кәсіпкерлердің рұқсат беру өтінішін қарау барысында 1500-ден астам құқық бұзушылық тіркелген.

Министр бұл мәслелермен қатаң күресуге уәде берді. Осы жылы өңірлердегі бизнес- ахуалды бағалау механизмі жүйеленеді. Бизнес-ахуалды бағалайтын индикаторлар тізімін кеңейту жоспарланып отыр, бағалау үнемі жүргізіледі, ал ең үздік өңірлер индустрияландыру күні аясында сыйлық алады.

Бизнес үшін ең жанды мәселе – тексеріске қатысты мемлекеттік бақылау-қадағалау міндетін "Атамекен" палатасымен бірге тексеру наурыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Тексеру қорытындысы бойынша үкіметке оларды қысқарту ұсынысы жасалады.

"Ортақ тәртіптен алып тасталған бірқатар тексеру бар. Бізде тексеруге шығу үшін бірқатар әкімшілік рәсімнен өту сияқты ортақ тәртіп бар. Ал бұл мемлекеттік органға бақылаусыз шығуға қиындық тудырады. Бұл тәртіп қолданылмайтын салалар да бар, солар бойынша қысқарту жүргіземіз. Тексеру жүргізудің ортақ тәртібіне сәйкес келмейтін шамамен 20% (5-7 сала) қысқаруы мүмкін екенін көріп отырмыз", – дейді министр.

Мысалы өнеркәсіптік қауіпсіздікті ІІМ төтенше жағдайлар комитеті және энергобақылау, басқа да мемлекеттік органдар бірдей талаппен тексеруі мүмкін, сондықтан бұл қайталауды мүлдем алып тастау жоспарланып отыр.

"Өткен жылы рұқсат ету жүйесін 50%-ға қысқарту арқылы оңтайландыру реформасы жүргізілген. Осыған қарамастан, мемлекеттік органдармен емес, табиғи монополия, квазимемлекеттік сектор субъектілері талап ететін құжаттар саны өзгеріссіз қалып отыр. Су, кәріз, жылу, газ саласына қатысты рұқсат етуші жүйенің азаюына баса көңіл бөлінеді", – дейді қаржы министрі.

Қаржы министрлігі де кәсіпкер жұмысын оңтайландыру мен жеңілдетуге уәде етіп отыр. Мекеме басшысы Бақыт Сұлтанов парламенттік тыңдауда сөйлеген сөзінде мамыр айында ҚҚС бойынша электронды есепке қою енгізілетінін айтты.

Тағы бір ескерер жайт – қаржы министрлігі тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) критерийлерінің құпиясын ашпақ. Министрдің айтуынша, дәл қазіргі уақытта ТБЖ бойынша аяқталған тексерулерге сараптама жасалып жатыр, оның қорытындысы бойынша "тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін өзекті ету" жүргізіледі. "ТБЖ критерийлерінің жартысын жасырын етпей, бизнес үшін ашық етуге тырысамыз", – деп уәде етті қаржы министрі.

Салық тексеруі басымдылығының камералық бақылауға ауысуына орай жобаға қатысушылардың тексеруі мүлдем белгіленбегенде деңгейлес мониторингті енгізу жоспарланып отыр.

"Осыған қарамастан кәсіпорындар көптеп ашылып, салық органдарымен ынтымақтасып жұмыс істеп жатыр. Осылайша салық төлеуші қаржылық шаруашылық қызмет есебінің түрін ашып, бухгалтерлік мәліметтерді үнемі қарауға рұқсат береді. Ал салық органы салық мәселесіне қатысты жылдам кеңес береді. Былай жұмыс істеу түрі біз үшін де маңызды басымдықтың бірі", – деп нақтылады қаржы министрі.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу