Бизнесті онлайн-режимге шығару үшін ынталандырады

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
1669

Электронды сауданы дамыту үшін  үкіметке мемлекеттік қолдау шараларын енгізу ұсынылды.

Бизнесті онлайн-режимге шығару үшін ынталандырады

Ұлттық экономика министрлігі елдегі электронды сауданы қолдау және дамыту бойынша кешенді шара әзірлеп жатыр. "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы сауда комитетінің отырысында заңнамаға енгізу үшін ұсынылып отырған өзгертулер таныстырылды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сауда қызметін реттеу департаменті директорының міндетін атқарушы  Қайрат Ертуғановтың айтуынша, ұлттық экономика министрлігі электронды сауданы дамыту үшін үш бағыт – заңнаманы жетілдіру, электронды ынталандыру және көпшілікке таратуды ұсынып отыр. Онлайн-саудаға  экономикалық әдіспен қолдау көрсетілмек.   

"Салықтық жеңілдіктер беру мүмкіндігі талқылануда. Бұл корпоративтік табыс салығынан босату немесе салықтық жеңілдіктерді пайдалану үшін интернет-компанияларды "ПИТ-Алатау" АЭА-ға тіркеу мүмкіндігі болуы мүмкін. Елдің экспорттық әлеуетін ынталандыру үшін Қазақстан Республикасының аумағынан халықаралық почта жөнелтімдерімен шағын тауарлық салымдарды сату бойынша шығатын тауарларды ҚҚС-ның нөлдік ставкасы айналымы бойынша қайтару ұсынылып отыр", – деді Қайрат Ертуғанов.  

Электронды сауда инфрақұрылымын дамыту үшін Ұлттық банкпен қолма-қол жасалмайтын төлем бойынша банктік комиссияны азайту мәселесін талқылау жоспарлануда. "Банк арасындағы операциялар комиссиясының мөлшері 1%-дан 8%-ға жетуі мүмкін. Қолма-қол жасалмайтын төлемді белсенді пайдалану үшін бұл тежеуші фактор болып табылады. Осы мәселе банк секторын қалыпқа келтіру аясында шешіледі", – деп нақтылады министрлік өкілі. 

Электронды сауданы көпшілікке танытуға да қатысты шаралар қарастырылуда. "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде қаражат бөліп, БАҚ-та эфирлік уақыт беріп, оны электронды сауданы офлайннан онлайн-режимге енгізудің басымдығын таныту ретінде пайдаланылану көзделіп отыр. Ал "Қазпочта" базасында  дайын интернет-дүкендерді құру бойынша қызмет көрсетуге қатысты кәсіпкерлердің сауаттылығын арттыру үшін е-коммерц-орталықтар құрылады. Мұның барлығы 2018 жылы іске асады.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу