Долларсыздандыру саясаты ұзаққа бара алмады

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3351

Депозит пен кредит нарығы қайтадан долларланып жатыр.

Долларсыздандыру саясаты ұзаққа бара алмады

Ұлттық банктің хабарлауынша, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы желтоқсанның соңында алдыңғы аймен салыстырғанда 4,1%-ға ұлғайып, 18 553,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 896,5 млрд теңгеге дейін 4,6%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 656,8 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 569,0 млрд теңгеге дейін 6,1%- ға өсті, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 8 984,2 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2018 жылғы желтоқсанның соңында 48,4%-ды құрады. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы желтоқсанда аталған көрсеткіш 47,7% болған еді.

"Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы желтоқсанда 5 017,3 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 4 879,2 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғайды", делінген Ұлттық банктің ресми сайтында.  

Бас банктің мәліметінше, жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 4 551,7 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға дейін, шетел валютасындағы депозиттері 4 105,1 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 5,6%-ға ұлғайып, 12 570,4 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютадағы салымдар 6 224,1 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар 6 346,3 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,1%-ды (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10,4% -ды (11,7%) құрады.

Кредит нарығына келер болсақ, банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы желтоқсанның соңында қарашамен салыстырғанда 1,8% ұлғайып, 13 091,8 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 789,1 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 5 302,6 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды.

"Қайта құрылымдаудан өткен және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 7,4%-ды немесе 883,5 млрд теңгені құрайды", деп жазады бас банк.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 10 094,3 млрд теңгеге дейін 1,2%- ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,5%-ға, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 0,8%-ға ұлғайды.

Шетел валютасымен берілген кредиттердің көлемі 2 997,4 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 4,4%-ға ұлғайды, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 3,7%-ға азайды. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы желтоқсанның соңында 77,1%-ды құрады. 2017 жылғы желтоқсанда бұл көрсетікш 73,7% болған еді.

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 11 104,2 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 987,6 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2,4%-ға төмендеді.

Салалар бойынша алғанда банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,5%), сауда (13,8%), құрылыс (5,8%), көлік (4,5%) және ауыл шаруашылығы (3,7%) сияқты салаларға тиесілі.

"2018 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,7% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 17,2% (19,2%) болды", деп жазады бас банктің баспасөз қызметі.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу