Дональд Трамп Рейганның жолымен жүрмек

32781

Өткен 2016 жыл тосын жайға толы болды.

Дональд Трамп Рейганның жолымен жүрмек

Ұлыбританияның маусым айында Еуроодақтан шығу ниеті туралы дауыс беруі алғашқы қарлығаш болды. Екіншісі, 2016 жылдың қараша айында АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуі.

Енді АҚШ-тың жаңа президенті қаржы нарығына өз сыйлығын дайындайды. Басты сұрақ – ол неден бастар екен? Көпшілігі Дональд Трампты Рональд Рейганмен салыстырады, себебі Трамп та Рейган сияқты сайлауалды науқанда салықты азайтам деп уәде берген болатын. Салықтан бөлек республикалық партия өкілі Қытайға сауда соғысын ашатыны, иммигранттар мен ірі инфрақұрылым жобалары туралы айтқан болатын.

Біздіңше, Дональд Трамп өзінің президенттік мансабын осы салық және инфрақұрылым реформаларынан бастайды. Ал Қытайды кейінге қалдыратын сияқты, тіпті екінші президенттік мерзімге шегеруі де мүмкін. Біз кезекті болжамымызда Трамптың келуін әлемдік қаржы нарығындағы негізгі фактор деп алуымыз жайшылық емес. Дәл осы жаңа президентке қарап біз портфелімізге активтерді іріктеп алдық, себебі ол жалпы 2017 жылдың жаһандық шарттарын ұсынады.

Велосипедті ойлап табу не керек? Рейган барлығын шығарып үлгерді!

Трамп ең алдымен АҚШ салық жүйесінің негізі – жеке тұлғалардың табыс салығын төмендетуден бастайтын шығар. Қарапайым тілмен айтқанда, мемлекет енді адамдардың тапқан табысының аз бөлігін алады. Қазір бұл нарық мөлшерлемесі 35%-ға дейін жетеді. Рейган бұл салықтың ең биік деңгейін 70%-дан 28%-ға дейін түсірген еді. Трамп оны 25%-30%-ға дейін төмендетуге тырысады және халықтың өзге топтары үшін салық есептеу шкаласын қайта қарайды. Осы іс Трамптың қолынан келсе, онда бұл орта тап пен байлар үшін жақсы тосын сыйға айналары анық. Халық үнемделген ақшаны қызмет көрсету саласына жұмсауы мүмкін. Сондықтан бірінші ширекте төмендегі акцияларға назар аударғаныңыз жөн: Disney (DIS) – адамдар киноны көбірек көреді, Home Deport (HD) – үйін жөндейді, Starbucks (SBUX) және McDonald`s (MCD) – кофе ішу мен гамбургер жеуді жиілетеді. Трамптың кезінде нан мен есте қаларлық оқиға көп болады деп күтіліп отыр.

Құрылысты бастайтын кез келді

Трамптың ендігі үлкен сыйы инфрақұрылымды дамытуға жол ашу болуы мүмкін. Дәлірек айтсақ, жол, көпір, эстакада, теміржол және инфрақұрылымның өзге элементтерінің құрылысына бөлінетін қаражаттың көлемін ұлғайтуы мүмкін. Қазірдің өзінде біз Caterpillar (СAT), General Electric (GE) сияқты өндіріс секторының акцияларына, сонымен қатар Ford (F), Boeing (BA), Harley Davidson (HOG) көлік акцияларына деген сұраныстың артқанын көріп отырмыз. Жалпы айтқанда осы жылдың алғашқы екі ширегіндегі америкалық қор нарығынан жағымды өзгерістерді күтеміз. Жеке тұлғаларға салынатын салық деңгейін азайту мен инфрақұрылым революциясынан бөлек Трамп кәсіпорындардың табыс салығын 35%-дан 15%-20%-ға дейін төмендетуді көздеп отыр. Осы мақсатта осы жылдың 1-2-ширегінде америкалық компаниялардың табысы өсіп, жылына 10%-13%-ға жетеді. Әзірше Трамптың қолы ашық, сондықтан акциялар құнды болмақ.

Банкеттің ақысын кім төлейді?

Жеке тұлғалардың табыс салығы мен кәсіпорын кірісіне салынатын салықты төмендету салық жинаудың көбеюіне бірден әсер етпейді. Рейганның мысалын ескерсек, тек болашақтағы 4-8 жылды есептеуге болады. Ал Американың инфрақұрылымын жаңарту үшін қаражат керек. Ресурс бюджеттік қаржыны арттыру есебінен, дәлірек айтсақ АҚШ бюджет тапшылығын көбейту есебінен алынады. Бұл инфляцияның артуына және инфляцияға қарсы активтер (алтын, күміс, акция, қор индекстері) құнының қымбаттауына әкеп соқтырады. АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеме көтерілмеген айларда бұл долларға қысым көрсетеді және шикізат-тауар активтері (оның ішінде энергетикалық және ауыл шаруашылығы) мен валюта бағасын орнында ұстап тұрады.

Көріп отырғаныңыздай, Рейганның бірінші президенттік мерзімінің 2,5 жылында (1981-1984 жылдар) АҚШ федералды бюджетінің тапшылығы 2,4% -дан 5,3% дейін көтерілді. Яғни реформа қаражатты талап етеді! Бұл кездейсоқтық па, жоқ па, бірақ қазір АҚШ-тың бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,4% көрсеткішіне жақын орналасқан. Рейган мен Трамптың аяқ алысы көптеген тармақта сәйкес келеді. Біз АҚШ-та бюджеттік тапшылық пен инфляцияның өсуін күтеміз, себебі олар оны еңсере алады.

Қытайдың айдаһары ма, әлде Американың қыраны ма? Кімді кім басып озады?

Қытай Американың барлық қазынашылық облигацияларына қатысты 18,8% ұстап тұр, яғни, іс жүзінде Америка экономикасына несие беріп отыр. Одан асса, міне 4 ай қатарынан бұл қағаздарға инвестиция салуды қысқартып жатыр. Жағдай қиын деп айтуға келмейді, барлығы болжанғандай. Егер АҚШ Бейжіңге өз өндірісін, оның ішінде Apple компаниясын, қайтадан АҚШ аумағына көшіру мәселесімен қысым көрсететін болса, ҚХР өз инвестицияларын Американың бағалы қағаздарына сатуға мәжбүр болады. Бұл доллардың күрт құнсыздануына, қор нарығының төмендеуіне, бюджет тапшылығын қаржыландыруда қиындықтардың туындауына және Трамптың салық пен инфрақұрылым саласындағы реформаларын тоқтата тұруға әкеп соқтырады.

Біздің пайымдауымызша, бұл АҚШ үшін тиімсіз және Трамп мұндай қадамға жақын арадағы 2-3 жылда бара қоймас. Бүгінгі жағдайда екі ел үшін де қазіргі жағдай тиімді. Салық және инфрақұрылым реформаларының ең күрделі кезеңі өткеннен кейін ғана Қытайға қарсы валюталық және сауда соғысын ашуға болады. Трамп бұны осы президенттік кезеңінің соңында немесе екінші кезеңде бастауы мүмкін. Осыған байланысты біз Қытайдың қор активтерінен жағымды өсімді байқаймыз және олар арзандаған кезде сатып алуға кеңес береміз. Одан бөлек, доллар мен Трамптың инфрақұрылым жобаларының әлсіздігін ескерсек, мыс сияқты өнеркәсіп металдарын сатып алуды қарастыру артық болмайды.

Николай Ивченко, ГК Forex Club МК сараптама бөлімінің басшысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу